Киевте Айдос Садықовты атқан күдікті анықталды

Украина полициясы Айдос Садықовты өлтірмек болған қылмыскерлерді тапты, деп жазды оның әйелі Наталья Садықова Facebook-те, деп хабарлайды alashorda.kz сайты.

Оның айтуынша, бұл екі Қазақстан азаматы: 1991 жылы туған Мейрам Қаратаев пен 1988 жылы туған Алтай Жақанбаев. «Бұл арамзалар» 2 маусымда Киевке келіп, жалдамалы пәтерлерде тұрып, Айдостың соңынан еріп, қылмысты жоспарлаған», — дейді Садықова.

«Сонымен қатар, Мейрам Қаратаев Қостанай облысы ІІД қызметкері, ол қызметкерлер арасында оқ ату жарысында бірінші орын алды», — деп жазды Наталья.

Айдос Садықовтың жағдайы өте ауыр.