«Біз жасыл экономикаға өткендерге төлем төлейміз»

Экономист Сапарбай Жобаев жасыл экономикаға көшу мұнай мен көмір қазып алғаннан қымбатқа түсетінін айтады.
«Себебі, біз Екібастұз қаласында көмірді ащы жолмен шығарып жатырмыз. Оның электр энергиясының өзіндік құны 30-40 теңгедей шығар. Энергияның өзіндік құны әр жерде әртүрлі, сондықтан оны нақты айта алмаймын. Мысалы, көмірді Қарағандыға алып барып, жылу электр энергиясын сатсақ, өзіндік құны 80 теңгеден болып жатыр. Ал, Екібастұзда 20-25 теңге шығар, Алматы мен Шымкентте одан қымбат болып кетеді.
Ресей Түркияда салып жатқан АЭС-і бойынша біздің экономикаға жақын түрде өзінің сату бағасына 12 цент қойып жатыр. Бұл бір-екі жылдан кейін шығатын электр энергиясының құны. 12 цент біздің теңгеге шаққанда 55 теңге болады. Біздің Қарағанды, Алматы, Шымкентте шығып жатқан жылу электр тоғын кәсіпорындарға 80 теңгеден сатып жатыр. Бүгінгі күннің өзінде кейбір өңірлерде энегрияның сату бағасы болашақта салынатын АЭС-тен қымбатырақ болатын. Егер АЭС құрылысын Оңтүстік Корея жүргізсе, аз-маз қымбат болады. Себебі, олардың қондырғалары қымбат және инженерлері көбірек айлық алады.
Ал егер өзіміз әрекет жасап, Қытай мен Ресеймен бірлесіп АЭС құрылысын жүргізетін болсақ, онда Түркиядан арзанырақ болуы да мүмкін. Түркиямен бірдей 60 теңге деп есептейік, бірақ бүгінгі күнде оңтүстік өңірлердегі қымбат электр энергияны халқымызға 20-30 пайыздық бағамен субсидия беріп сатып алып жатырмыз. Астанада 1кВт электр энергия жеке тұлғалар үшін 20 теңге 70кВт дейін, 150 кВт-қа дейін 30 теңге. Одан артығына 35-40 теңге, яғни өзіндік құнына жақын төлейміз. Сонда біз ертең АЭС шығарсақ мұқтаж жандарға, бюджеттен қаржыланатындарға мемлекеттік субсидиямен 30-40 теңге қалдырып, кәсіпорындарға 80 теңгенің орнына 60 теңгеге сатсақ АЭС бағасы қымбат болмауы да мүмкін. Бұны жалпы көпшілікке түсіндіру күрделі мәселе. Себебі, өңірлерде тұтыну көлеміне байланысты яғни, кәсіпорындар, жеке тұлғалар, жоғары табыс табатын мемлекеттік кәсіпорындар және ойын-сауықпен шұғылданатындар орталықтар әртүрлі тариф бойынша төлейді. Сол үшін электр энергиясын төлеудің құнын нақты айту қиын. Бірақ Қазақстанның жағдайында болашақта көміртекті энергияны шектейтін болсақ, Киота, Париж конференцияларының шешімі бойынша біз шетелдің жасыл экономикаға өткендерге төлем төлейміз. Себебі олардың энергиясы қымбатырақ болса, ал біз арзан деп көмір мен мұнай-газды пайдаланатын болсақ, біз оларға қосымша төлем төлейміз. Бұл әрбіріміздің қалтамызға қымбатқа түсіп кетеді. Сол себепті мен елімізде АЭС салынғанын құптаймын. Өйткені АЭС-тен алынатын энергияны әлем елдері жасыл энергия көздеріне жатқызып отыр», – дейді экономист.
Шынар АҚЖАНҚЫЗЫ