«Күн мен желден энергия алу тиімсіз»

Әлемде экология мен қоршаған ортаның ластануы ең өзекті болып тұр.  Сондықтан да Батыс елдері жасыл экономиканы дамытып, қоршаған ортаға келер зиянды азайтуды көздеп отыр. Ал Қазақ елінде жасыл экономиканы дамытуға қаншалықты көңіл бөлінген?

«АЭС-те көмірқышқыл газы мүлде шықпайды»

Экономист Сапарбай Жобаев еліміз үшін жасыл экономиканы дамыту өте маңызды екенін айтады. Себебі ол экологиялық ахуалға назар аударып, жағдайды тұрақтандыру керек екенін ескертті.

«Жасыл экономика туралы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде өте көп ақпараттар берілді. Себебі сол кездегі Үкіметтің алдында «Жасыл экономикасы дамыған елдердің қатарына кіреміз» деген мақсат болды. Еліміз көмір, газ, мұнай секілді әр түрлі көміртекті қазбаларға бай мемлекет. Осы көмір, газ, мұнайдан басқа өнімнің бәрі жасыл экономикаға кіреді. Яғни, жасыл экономикаға күн мен жел электростанцияларын жатқызуға болады. Ал теңізі бар елдер теңіздің толқынынан көп энергия алады. Оңтүстік Қазақстан облыстарының су көп жерлерінен био массадан арнайы энергия алады.

Кейін атом электр станциясынан шығатын эенргияны жасыл экономикаға қосты. Себебі, АЭС-те көмірқышқыл газы мүлде шықпайды. Сондықтан, мұнай, газ, көмірден басқа жолдардан алатын электр энергияларын біз жасыл энергия деп есептейміз. Кейбір сарыпшалар «Үлкен су электр станцияларын жасыл экономикаға кіргізбейміз» дейді. Егер қажеттілік болса, шағын су электр станциялары да жасыл экономикаға есептелінеді. Себебі, суды бекітіп тастағаннан кейін үлкен су электр станциялары экологияны бұзады. Бірақ та аталған станциялардан көмірқышқыл газы шықпаса бұл жасыл экономика жатады. Біздің Үкімет  осыған өтпекші болды», – дейді ол

 «Біз 70-80 пайызға дейін көмір-газды жағып жатырмыз»

Экологияға зиян тигізбей, жасыл экономиканы дамыту мүмкін ба? Экономист мұның мүмкін екенін, себебі бұрынғы заманда адамзат көмір, газ жақпастан тіршілік еткенін еске салды.

«Бірақ, цивилизацияда біз бәрі бірде мұнай-газға тәуелдіміз. Мәселен Еуропа мен солтүстік Америка мемлекеттері 30-40 пайыз жасыл экономикаға өтіп жатыр. Әлемнің озық мемлекеттері жел, күн және кейбір жерасты жылуларын энергия ретінде пайдаланады. Мысалы Германия 40 пайызға дейін жасыл экономикаға өтті. Бірақ, жасыл экономиканың көлемін 60 пайызға жеткізу өту өте қиын болып тұр. Ал біздің елдің жасыл энергия шығару көлемі  6-7 пайыз көлемінде. Өкінішке қарай бұдан ары қарай жасыл экономиканы дамыту өте қиын. Бұл жерге өте көп факторлар әсер етеді. Біз неге жасыл экономикаға өте алмай, 2017 жылы берген сөздерімізді неліктен орындай алмай жатырмыз? Себебі, біздегі ауа климаты күн энергиясын алуға онша қолайлы емес екен. Күн электр қуатыннан ауа-райы жылы мемлекеттер 100 пайыз көлемінде энергия алса, ал кейбір елдер  20-30 пайыз ғана энергия алынады. Өкінішке қарай Қазақстанда бұл 10 пайызға жетпейді. Жылу электр станцияларынан 40-50 пайызға дейін энергия алатын болсақ, күннен алатын 10 пайыз энергия бізге өте тиімсіз.

Күн секілді жел электр станцияларынан да анау айтқандай энегрия алмайды екенбіз. Себебі жел кейде соғады, кейде соқпайды. Сондықтан да, тұрақты электр энергиясына деген сұраныс болады. Ал тұрақты электр станциясы қайдан шығады? Жылу электростанцияларынан, гидроэлектростанциялардан, Атом электр станцияларынан шығады. Қазақстанда гидроэлектрстанциялары бар болғаны 12-14 пайыз энергия береді. Мұның көлемін одан жоғары арттыра алмаймыз. Себебі, біздің потенциялдық энергиямыз жоқ. Көрші Қырғызстан, Өзбекстан 70 пайыз гидроэлектрстанциядан электр энергиясын алып, жасыл экономикаға өту мақсатын тезірек жүзеге асырып жатыр. Сондықтан, біз 70-80 пайызға дейін көмір-газды жағып, энергияны тұтынып жатырмыз. Ал Киота және Париж конференцияларының шешімі бойынша, әсіресе соңғы Дубай конференциясы бойынша 2050-ге дейін көміртекті бейтараптыққа жету керек. Егер АЭС-ке өтпесек жете аламыз ба, жете алмаймыз ба?», – дейді ол.

Шынар АҚЖАНҚЫЗЫ