«Сұлтанның шарықтауы мен құлдырауы» (Жалғасы)

Бір ай бұрын белгілі дипломат, сарапшы Қазыбек Бейсебаев «Рыскелді Дәуітбаевтың «Сұлтанның шарықтауы мен құлдырауы» туралы кітабын жариялауды бастаймын. Барлық оқиғалар мен геройлар — автордың ойлап тапқаны, соның ой-өрісінің жемісі. Есімдер, атаулар мен оқиғалар мерзімі кездейсоқ сәйкестіктер» деп жазған болатын.

Күні кеше Қазыбек Бейсебаев «Сұлтанның шарықтауы мен құлдырауы» шығармасының өзі екенін мойындады. Бұл шығарманы әлеуметтік желі белсендісі Қуаныш Еділхан орыс тілінінен қазақ тіліне аударған екен. Аlashorda.kz сайты шығарманың соңғы 7-13 тарауын жариялайды.

7-тарау

Грифеннің пайда болуы. Юнайтед мұнай компаниялары Қызықстанға кірді. Зельцинмен мәселені шешу. Шүршіттердің Қызықстанға келуі. Асау парламенттен құтылу. Астананы ауыстыру. Лунараның пайда болуы. «Алексей» және ұлдардың тууы.

Президенттіктің алғашқы жылдары Базарнаев үшін күрделі болды. Советия кезіндегі барлық эк. байланыстар үзілді. Зауыт, фабрикалар тоқтады, барлығы көз алдында қирап жатты. Халықтың жағдайы күрт төмендеді, жалақы беру тоқтады, жүз мыңдаған адамдар көшеде қаңғып қалды. Тез жаңа эк. байланыстарға көшу қажет болды, бірақ нарық дегеннің не екенін, онымен не істеу керектігін ешкім де білмеді. Осындай қиын сәтте х/а ірі мұнай компаниялары Қызықстанға назар аудара бастады, оның болашағы бар мұнай кенорындарына қызықты. Қызықстанның мұнай нарығын игеруде Юнайтед азаматы Жон Грифен белсенділік танытты. Нәтижесінде 90-жылдардың соңына таман Хазар теңізінің қызық учаскесі Юнайтед компанияларының қоластына өтті. Грифеннің әрбір өндірілген мұнай баррелінен өз үлесі болды, бірақ бұл кейін оған коррупция туралы қылмыстық іс қозғалғанда анықталады. Тек бірнеше жылдар өткеннен кейін ғана Базарнаев контрактілер елдің пайдасына емес екендігін біледі. Қол қойылған контрактілер бойынша кен игеруден Қызықстанға түсетін пайда өндіруші компания өзінің барлық шығындарын өтеп болғаннан кейін белгілі бір деңгейге жеткен кезде ғана ала бастайтындығы белгілі болады. Ал ол қай уақытта жүзеге асады – контрактілерде ол жоқ болып шықты. Базарнаевтың Грифенге сенгендігі сондай, тіпті ол контрактілердің барлық қыр-сырына үңілуге құлқы да болмады. Оның себебі де түсінікті – мұнда әрбір баррельден Базарнаевтың да үлесі бар еді.

Елде саяси өмір қайнап жатты. Демократияның барлық канондарымен сайланған парламент тыныштық бермеді, онда белгілі, белгісіз тұлғалардан құралған мықты оппозиция қалыптасты. Бұл оппозиционерлер билікті қаттырақ сынай бастады және өздері де билікке ұмтылды. Саяси процесске қарапайым азаматтар да тартыла бастады. Мұның бәрі елдегі саяси ахуалды шайқалтып, тіпті Базарнаевтың билігіне де қауіпті бола бастады. Қатты ойлануға тура келіп ақыры жолын тапты. Ұтылып қалған бір кандидат Таньковскаяның сотқа талап-арызы негізінде тұтастай саяси спектакль ойналды. Нәтижесінде Конституциялық сот парламент сайлауын қате деп тауып парламентті таратады. Кейін Таньковскаяны жақсы жұмысқа орналастырады. Сөйтіп бір жылда екі референдум, бір сайлау өткізілді.

Көктемде ғана президент өкілеттігін 5 жылға ұзарту туралы референдум өткізілді. Оның қажеттігі президентке реформа жүргізу үшін қосымша билік беру керек, жаңа сайлаудың қажеттігі жоқ деп түсіндірілді. Бұл кезде Базарнаев халықтың қолдауына ие еді, оны мойындау керек. Кейбір өңірлерде оны тіпті «патша» деп атай бастағандығын Базарнаевқа жеткізді. Ал күзде жаңа Конституцияны қабылдау туралы референдум өткізілді. Бұл конституция әдейі Базарнаев үшін жасалды да, ол монархтарға тән өкілдікке ие болды. Жаңа конституцияға сәйкес вице-президент штаты жойылды, онда Асан Ериков еді. Оны алысырақ бір елге елші етті де артынан пенсияға жіберді. Базарнаевқа Асан Ериков өзара әңгімелерде ол туралы өте сыни пікірлер айтатындығын, тіпті кітап жазбақ ниетте екендігін жеткізді, бірақ ол нөлінші жылдардың басында бұл өмірден өтіп кетті. Біреулер оны өте құпия әдіспен – пеш арқылы улы газ жіберіп өлтірді деп жүрді, алайда бұл сол күйі өсек күйінде ашылмай қалды.

Жыл аяғында парламентке қатаң бақылау аясында жаңа сайлау өткізілді. Содан бері парламент сайлауы уақыты келгенде өткізіліп отыратын әдеттегі формальды процесске айналды. Халық сайлауға келгенмен де бәрі де алдын-ала шешіліп қойылған, тек басқарушы партияға қанша процент дауыс беру керектігін келісу ғана қалған болатын. Қызықстандағы сайлау өтірік екендігін шетелге қашып кеткен Дарьяның күйеуі Әли Рахатов қана айтып жүрді. Қызықстан президенті тұрақты түрде шетелдерге ресми визитпен шығып жүрді, онда оны барлық құрметпен күтіп алатын. Бұл елдердің барлығы да мұнай мен басқа да байлықтардың арқасында қызық жерімен эк. байланыс орнатқысы келетін. Шындығында да Қызықстанда Менделеев таблицасындағы барлық элементтер бар болатын. Базарнаев енді өз сөздерінде Қызықстан өмір сүру деңгейі бойынша мұнайдың арқасында барлық белгілі елдердің қатарында болады деп сеніммен айта бастаған. Сосын… эк. табысына байланысты азия жолбарыстары аталған елдер мысалы ретінде Қызықстанды қар барысы деп атайтын болды. Эрефиямен де байланыс табысты болды. Қандай да бір проблема туа қалса Базарнаев Зельциннің ішімдікке құмарлығын пайдаланып мәселені стол басында шешетін. Өзінің ұмытыла бастаған компанияның жаны, асабалық әдеттерін еске түсіріп, арақ құйып, Зельцинді тиісті кондицияға келтіретін. Отырыстың аяғына таман барлық мәселе шешілетін. Өте қу Базарнаевқа Зельцинмен жұмыс жасау оп-оңай болатын. Ол оны Эрефияда билікке Будин келгенде түсінді.

Шүршіттермен белсенді және табысты байланыс орнады. Базарнаевқа шүршіттермен байланыс өте табысты өтіп жатқандай көрінді. Дұрысында шүршіттер оны жақсылап зерттеген, оған қалай жақындауды білетін болып шықты. Олар Қызықстан басшысының ақшаны жақсы көретінін және өзін мақтағанда сүйетінін біліп, сол бағытта жұмыстанды. Шүршіттер өздері коммунист болғандықтан Базарнаевтың да бұрынғы коммунистігін тиімді пайдаланып, мезгіл-мезгіл оған осы тақырыпты ұнамды бағытта жеткізіп отырды. Егер Базарнаев Зельцинге қатысты қалай әрекет етсе, шүршіттер де Базарнаевқа қатысты сондай әрекет жасады, тек арақ орнына олар өтірік мақтауды молынан пайдаланды. Нәтижесінде Шүршітия мұнайдан Юнайтедтен кейінгі бай кенорындарына ие болды, оның мұнай саласындағы үлесі 30%-дан асып кетті. Қысқа ғана уақытта Шүршітияға мұнай құбыры тартылды. Мұнай саласы үшін күйеу бала, екінші қыздың күйеуі Тамир жауапты еді, ал шындығында бұл сала түгелімен Базарнаевтың бақылауында болды. Шүршітиямен контрактілерде оның жеке мүддесі бар еді. Сөйтіп кешегі Тамолғандағы аш-жалаңаш баланың қолына бүкіл елдің экономикасы қарады: бүкіл мұнай саласы мен тау-кен саласы соның қолында болды.

7-тарау. (Жалғасы)

Алайда ол өзінің басты жетістігі деп астананы көшіруді есептеді. Аламутуда бірнеше жылдарда ғылми және творчестволық интеллигенцияның біртұтас династиясы қалыптасты. Бұл қалада саяси белсенді азаматтар тұрды, енді солардан есебін тауып құтылу керек еді. Олар өздерінің әрекеттерімен мемлекеттік аппаратқа, тіпті биліктің өзіне ықпал жүргізетін. Мысалы зейнеткерлер әрбір ай сайын қарсылық акцияларын ұйымдастыратын. Аламуту мен оның тұрғындарынан тек олардың астанасын тартып алып басқа жаққа кетіп қалу арқылы ғана құтылуға болатын. Екінші себеп – астананы солтүстік шекараға жақындату керек еді, өйткені Қызықстанның солтүстігінде титульді халық аз болды да ол жерде Эрефияның ықпалы зор болды. Ең бастысы – ол тарихқа жаңа астанасы бар мемлекетті құрушы ретінде кіргісі келді. Ол өзіне теңіз жағасынан Санкт-Невобург салып Еуропаға терезе ашқан Эрефия императоры Ұлы Петрдің атағын өзіне өлшеп қарады. Базарнаев та өзін мемлекет негізін салушы, ұлы даланың Ұлы Сұлтаны ретінде көргісі келді. Өзі жаңа астанаға орнықты да, бірақ жолдасы Клара оңтүстіктен солтүстікке көшкісі келмеді. Базарнаев оған онша қинала қойған жоқ, жаңа астанада ол махаббат мен рахатқа толы жаңа өмір бастады. Мұндай істердің маманы Кан Саудаев еді. Кезінде оны Қапшағаев көтеріп отыз жасында оны цирк директоры етіп тағайындаған, содан бері оны маңындағылар циркач дейтін. Қапшағаев кезінде ол мәдениет министрінің орынбасары деңгейіне дейін көтерілген, содан бері оның мәдениет пен өнер саласында таныстары көп болатын. Солар арқылы ол Базарнаевқа актрисалар мен әншілерді жеткізіп отырды. Олардың барлығы да бір-екі күн өтісімен атақ, марапат, пәтер немесе материальдық көмек сұрайтын, мұның бәрін Базарнаев жақтырмай бастады. Сосын Саудаев оған ешкім тимеген қыздарды таба бастады да оларды ағылшын сөзімен «клиринг» деп атады.

Өзінің жағымпаздығымен циркач Базарнаевты жалықтырды да ол оның қызметінен бас тартты, сөйтіп оны Юнайтедке елшілікке жіберді. Саудаевтың орнына Бол Мұратов келді, жұрт оны «мұртты» деп атайтын. Неге екені белгісіз, оны Базарнаевтың ерекше жақыны Василлий Ин жақтырмады. Мұратов Базарнаевтың барлық қаржылық істерін жүргізді де өзі көп көпшіліктің көзіне түспеуге тырысты. Ол ештеңе сұрамайтын. Қожасының барлық тілегенін біледі де үн-түнсіз басқа қалалардан элиталық проституткаларға тапсырып беріп отырады. Негізінен олар Эрефиядан және Окраинадан еді. Әдетте Базарнаев көмекшілеріне Болаға айтыңдар, бүгін кешке оларды әкелсін дейтін. Көмекшілер олардың кім екендігін білетін, сондықтан да мұрттыға звондайтын, ал онда бәрі дайын тұратын. Оның төсегіне қыздарды ол облыстарға шыққанда да әкелетін. Мұнымен де мұртты және сенімді әкімдер айналысатын. Жергілікті шенеуніктер президентке бөлінген резиденцияның жанында ұзын аяқты қыздардың неге сигарета шегіп тұратындығына көпке дейін түсінбей жүрді. Базарнаевтың қыздарға деген әлсіздігін оның бұрынғы Советия кеңістігіндегі кейбір әріптестері де білді, білді де оның сапары кезінде тиісті қызметтер көрсетті. Мұның бәрі тар шеңбердегі кешкі ас пен жергілікті бишілер өнерімен бүркемеленді. Бір елде тіпті түнге жергілікті қыздармен ресми делегацияның бүкіл мүшелері қамтылды. Оның алғашқы тұрақты қатыны Лунара әскери қызметкер Ракушиннің стюардесса қызы еді, онымен оны Машевич таныстырған болатын. Базарнаев өзінің сүйіктісіне жақсы сый жасады, оған тұтас ұлттық авиакомпанияны берді, ал оның запастағы офицер әкесін Қорғаныс министрінің орынбасары етті. Лунара оған екі қыз туып берді, сөйтіп бәрі де дұрыс сияқты еді, алайда бір оқиға себепші болып бәрі быт-шыт болды. Күзет қызметі Лунараның көңілдесі пайда болғанын біліп қалды, салық комитетінің қызметкерімен Лунара мемлекет басшысының жеке өмірінің сырларымен бөліскені белгілі болды. Бұл туралы Базарнаев естігенде ол Лунарадан қалайда құтылу керектігін білді. Сөйтіп оған шетел банкінен шот ашып, еуропа елдерінің бірінен рұқсат алып оны сонда асырды. Қазір ол сонда шалқып өмір сүріп жатыр.

Күтпеген жерден бұлардың маңында бір жеке банкте жасайтын, еш ерекшелігі жоқ Сим Каримов пайда болды. Базарнаев оны маңына кездейсоқ жақындатқан жоқ. Каримов қызық емес, бірақ қызыққа жақын елдердің өкілі болатын. Базарнаевтың өзі де таза қызық болмағандықтан маңына осындай басқа этностар өкілін жинайтын. Бірақ басты себеп басқада еді – ол нағыз қызықтар түптің түбінде өз орнына ауыз сала ма, сөйтіп мені ығыстыра ма деп сескенетін. Сим Каримовтың тағы бір бағалылығы – ол арнайы органдардан болатын және шүршіт тілін жақсы менгергені еді. Базарнаев құра бастаған жоспарда оны маңызды рөл ойнау күтіп тұрған еді. Каримов өз шефінің жас әйелдерге деген әлсіз жақтарын жақсы білді де ұзақ ойланбастан өзінің алыс туысқанын таңдап берді. Оның аты Азель болатын және ол Аламутудағы бір ЖОО-ның некесіз қызы-тын. Бірінші оған Мисс Қызықстан конкурсында жеңіс ұйымдастырды. Сосын Базарнаевпен таныстырды да біраздан соң мешітте мұсылманша неке қидырды. Қызықстанның қожасына бұл қыз қатты ұнады, оның баяғы Көмірқаланың Бейбітшілік бульварындағы алыстағы алпысыншы жылдарғы студент қыздарға ұқсастығы бар еді. Оны конспирация мақсатында және өзара әртүрлі өсектерден сақтану үшін ер адамның атымен Алексей деп атады. Бірақ бұл көп ұзамай құпия болудан қалды да Алексей туралы елдің азаматтары да білетін болды. Жаңа ері оған бірінші рет звондап отырғандай звондап ойнағанды жақсы көретін. Әдетте ол былай бюастайтын: «Бұл Сұлтанның құрбысы ма?». Алексей оның ойынын түсініп еркелейтін.

Биліктің ұшар шыңына жеткен соң, іс жүзінде бүкіл елдің байлығы өзіне қараған соң ол енді тыныштық табуды ойлай бастады. Ол билікте ұзақ уақыт болу түбі жақсылыққа әкелмейтінін түсінді. Оның үстіне ол Леонид Бровастыйдың мысалынан да мұны көрген болатын. Сондықтан да ол өзінің ертедегі бір сұхбатында билікте ұзаақ болу жақсы емес дегенде расымен де шындықты айтқан еді. Әрине, ол мүлдем биліктен кетіп қалуды ойлаған да жоқ, ол тек біреуге президенттің күнделікті міндеттерін артып қойып, өзі қандай да бір жоғарғы басшы ретінде бәрін бақылап-басқарып отырғысы келді. Монархиялық билік орнату варианты да болды, онымен оның үлкен күйеу баласы Али Рахатов айналысты. Мұның бәрі әзірге тек жоспарда болды да ол тек қана ойланып жүрді. Бұл уақытта әлемдік мұнай бағасы шарықтап кетті де ақша бюджетке өзенше құйылды. Сонымен қатар Базарнаевтың шотындағы ақша да параллельді түрде өсе түсті. Бірақ тағдыр тағы бір күрт бұрылыс жасады. Оған себепші Алексей еді, ол оған екі ер бала туып берді. Бұл оқиға Базарнаевтың жоспарларын күрт өзгертті.

Оны тағы да біреу оятты. Оған процедуралар қабылдауы керек екен. Алыста Қамажайға ұқсас музыка ойнап жатты…

8-тарау

Дарья мен Али үлкен проблема туғызды. Жас реформаторлардың алға шығуы және олардың оппозицияға өтуі. Қабыл Мұқтаровпен күрес. Қажыгел Акежановтың оппозицияға кетуі. Замановтың өз-өзін өлтіруінің құпиясы. Алтыновты өлтіру. Күйеу бала Алимен кетісу.

Екі ұлдың өмірге келуі Сұлтанға бұрын-соңды болмаған күш пен энергия берді. Ол өзінің бұрынғы жоспарларын түп-тамырымен қайта қарады. Ол биліктен қалайда айырылмауға шешті де өзіне нақты мақсат қойды – билікті өз балаларына бергісі келді.

Ия, ол олардың әлі кішкентай екендігін білді, бірақ оның басында билікті берудің ұсақ-тиегіне дейінгі жоспары пісіп-жетілді. Алайда алда үлкен проблемалар тұр еді және оны Дарья мен оның күйеуі туғыза бастады. Амбицияға толы Дарья баяғыда-ақ саясатпен айналысқысы келді және оған Базарнаев өз партиясын құруға рұқсат берді. Бірақ бұл жерде күйеу бала Али Рахатовпен проблема туындады. Оның үстінен кәсіпкерлер арыздана бастады, олардың айтуынша Али олардың бизнесін тартып алады екен.  Али қайын атасының атын пайдаланып барлық рамкадан шығып кеткені туралы оған баяндалды. Сондай-ақ Али үкіметтегі жас кадрлармен ұрысып қалды. Ол жас кадрлар жеке өзі таңдаған жас реформаторлар болып есептелетін. Мәселе ушығып, ақырында жас реформаторлар президентке ультиматум жариялады: не бізбен бол, не күйеу баламен бол! Нәтижесінде жас реформаторлар оппозицияға кетті. Олар саяси қозғалыс ұйымдастырып, саяси реформа жасауды талап ете бастады. Саяси өмір елде тағы да қайнады. Жаңа сайлау өткізуді талап еткен митингілер басталды. Тез арада билікке ұмтыла бастаған жас реформаторларға қарсы шара алу керек болды. Оларды тыныштандыру үлкен проблемамен бітті. Кейбіреуін үстінен қылмыстық іс қозғап отырғызуға тура келді, кейбіреуі қашып кетті, ал кейбірі билік жағына өтті.

Бұлардың ішінен Қабыл Мұқтаровты бөлек алып қарау керек. Базарнаев оны кешіріп түрмеден шығарып алды, бірақ ол саясатпен айналыспауға тиіс болды. Бостандыққа шыққаннан кейін Мұқтаров банк ұйымдастырды да ол банк бұрынғы Советия аймағында алдыңғы қатарлы банкке айналды. Кейін Мұқтаров  шетелге жасырынды да оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Тағылған айыпқа сәйкес ол акционерлердің ақшасын өзінің құпия шотына аударып отырған. Факт бойынша көптеген акционерлердің артында Базарнаевтың өзі тұрған, яғни Мұқтаров соның ақшасын ұрлаған болып шықты. Базарнаев талайды алдап, лақтырып кетудің шебері-тін, мұнда оның өзін саусақпен айналдырып кеткені белгілі болды. Базарнаев бүкіл мемлекеттік аппаратты, барлық х/а байланыстарын іске қосып Мұқтаровты елге қолына кісен салып қайтаруға тырысты, алайда ол қолынан келмеді.  Оның алдында Базарнаевтың нервісін бұрынғы премьер-министр Кажегел Акежанов та құртты. Премьерліктің аяғына таман екеуінің арасында үлкен келіспеушілік пайда болды да Базарнаев оны постынан алып тастады. Бірақ ол президенттік сайлауға қатысуға тілек білдірді. Ал бұл Базарнаев билігіне тікелей қол салу болатын. Акежановты ел халқының көп бөлігі қолдауы мүмкін болғандықтан жалғыз ғана дұрыс шешім – оның премьер-министр болып тұрғандағы жұмысынан қалайда қате тауып үстінен қылмыстық іс қозғау керек болды. Айып тағу стандартты түрде болды – қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып мемлекетке зиян келтіру. Акежанов дер кезінде елден кетіп үлгерді, алайда Қызықстандағы әріптестерінің сұрауы бойынша Эрефияның арнаулы органдары оны Московада әуежайда ұстады. Оны тек Қызықстанға жіберу ғана қалып тұрған, алайда дәл осы уақытта Юнайтедтің мем.хатшысы Магда Брайтол телефон соғып Акежановты босатуды талап етті. Басқа істейтін амалдары болмай Акежановты тез босатуға тура келді.

Сайлау алдында Акежанов, Базарнаевтың шетелде еріксіз тұрып жатқан басқа да оппоненттері өз кандидатураларын президенттікке қоя алмауы үшін заңға әдейі отырықшылық цензі деген 15-жылдық мерзім енгізілді. Кейін Акежановтың құпия шоттарын іздейміз деп жүріп арнайы жалданған адамдар Базарнаевтың шоттарына тап болады. Үлкен дау-дамай туындады. Сол кездегі премьер-министр Тас Иманғалиев парламентте бұл ақша мемлекеттікі, мемлекет мүддесі үшін оларды құпия ұстауға тура келді деп ақталды.

Базарнаевқа қарсы оның жерлесі, жақын сыбайласы Нұрқан Заманов сөйлей бастады. Бірде ол Базарнаевқа келіп елді шетелдіктерге сатуды доғар деп талап қойды. Әңгіменің қызғаны соншалықты, олар бір-біріне қол жұмсап төбелеске дейін барады. Күзетшілер оларды зорға айырады. Заманов ультиматум қойып, егер қоймасаң барлық лас істеріңді елге жариялаймын деп мәлімдеді, халыққа президенттерінің шындығында қандай адам екендігін айтамын деді. Заманов Сұлтанның жерлесі болғандықтан расында да ол туралы барлығын білетін. Бұл Базарнаевқа шынымен де қауіпті еді, өйткені Заманов босқа сөйлемейтін. Нұрқан Заманов көптен бері Базарнаев жұмысына қанағаттанбайтын және онысын жұрт көзінше әлденеше рет айтқан да. Бұл өзіне қауіпті екендігін түсінетін және барынша сақтық шараларын алған болатын. Заманов бөлек үйде тұрды да үйіне өзінің рұқсатынсыз ешкім де кіре алмайтын. Тек қызметшісі ғана үш мезгіл тамақ әкелетін. Ол домофонға соғатын, есік ашылған соң ғана тамағы бар подносты қойып кетіп қалатын. Ол кеткен соң ғана Заманов төменге түсіп подносты алып кететін. Ол өзін улап өлтіретіндігіне сенетін, сондықтан да сусындардан тек бөтелкедегі суды пайдаланатын. Оның жұмыс кабинетінде қылыш, қанжар, найза декорация мақсатында емес, қорғану үшін ілініп тұратын. Одан басқа өзінде екі пистолеті болатын. Бәрібір соған қарамастан оны өлтіріп кетті. Базарнаев Замановқа өзінің таныстарының бірі келгенін біліп отырды. Үй қожасы есікті ашқан кезде әлгі таныспен бірге кісі өлтіруші де кіріп оны бірнеше рет атады. Заманов та атып әлгіні жаралайды. Жас із бойынша шабуыл жасағанды табуға болатын еді, алайда Базарнаевтың нұсқауымен бәрін өзін-өзі өлтіруге әкеліп тіреді. Және ресми түрде ол өзін-өзі үш рет атты, ақырында контроль есебінде өзінің басын атты деп жарияланды. Барлық куәлермен, көзімен көргендермен әңгіме өткізілді, олар үндемейтін болды. Оларға не істелді, қандай уәделер берілді, оны Базарнаевтың өзі де білмейтін. Бірақ ол бір нәрсені анық білді – өзін-өзі өлтіру версиясын ешкім де талқыламайды. Халық үшін ойдан құрастырылған «Алдымен экономика, сосын саясат» формуласы еш қарсылықсыз жүзеге асып жатты, ол халыққа саясатқа араласпа, әйтпесе проблема туындайды деген сөз еді.

8-тарау (Жалғасы)

Осы уақыттар аралығында басқа да резонансты кісі өлтірулер болды. Үкімет мүшесі Сәрсен Алтынов асқан қатыгездікпен өлтірілді. Оны мен оның екі күзетшісінің өлі денелері Аламуту маңындағы сайлардың бірінен табылды. Алтынов та жас реформаторлар мен опппозициялық қозғалыс құрғандардың бірі болатын. Шындығында оны мемлекеттік қызметтен қуған жоқ, ол өзі кеткен еді. Сөздерін жасырын тыңдағанда Алтыновтың бірте-бірте президентке қарсы ойлары радикальдана түскені байқалады. Алтынов Базарнаев елге орны толмас шығын әкелуде, сондықтан оны тоқтату керек деген ойда болды. Билік үшін Алтыновтың қауіпті бола бастағаны соншалықты, оны әдеттегідей жәй телефон арқылы тыңдамаған, оны оның даусына тембрі сәйкес келетін арнайы аппаратпен тыңдаған. Тіпті ол бөтен телефон қолданса да бәрібір оның дауыс тембріне настройка жасалған аппаратпен бақыланып, тыңдалып отырған. Алтынов пен Заманов жерлестер еді және екеуі де бір рудан болатын. Екеуінің өлімі олардың туыстары мен жерлестерінің ашу-ызасын туғызуы мүмкін еді. Олар тіпті ұйымдасқан түрде Аламутуға аттанбақшы да болды, алайда белгісіз себептермен ол идеяларынан бас тартты.

Белгілі саясаткер мен оның күзетшілерінің өліміне «Қасқыр» арнайы бөлімшесінің қызметкерлері қатысты болып шықты, ал оларға команда тек жоғарыдан берілетін. Бірден-ақ өлімнің сценарийін ойлап тауып оған тапсырыс берушіні табуға, оған парламенттегі ерік-жігерсіз бір шенеунікті көрсетіп, соның ұйымдастырғаны-мыс, киллерді жалдаған да сол-мыс деуге тура келді. Солайша бұл іс осымен аяқталды.

Дәл осы уақытта жоғалып кеткен банкирлер туралы іс қалқып шықты. Али Рахатовқа қарасты бір белгілі банктен ірі көлемдегі ақша басқа жаққа кетіп жатқаны белгілі болып қалып, күдік екі топ-менеджерге түсті. Рахатов оларды алып кетіп әбден қинайды, артынан ол банкирлер жоғалып кетеді. Кезекті шу шығып, барлық орталық газеттердің тақырыбы осылар туралы болады. Нешетүрлі әңгімелер болғанмен де оларға ортақ бір нәрсе – банкирлердің жоғалып кетуіне Базарнаевтың күйеу баласы араласқаны анық еді. Біраз уақыт өткен соң Дарья мен Али Рахатовтың мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттеніп, оны орнынан күшпен ығыстырғалы жатқаны туралы Базарнаевқа баяндалды. Олар билікті басып алуға арнайы топ құрып, оған президент Базарнаевтың күзет қызметінің басшысы Муса Айнұровты тартқаны белгілі болды. Рахатовты тұтқындар кезде Дарья Базарнаевты балаларымен қорқытып шатақ шығара бастады. Мұндай істе тәжірибесі мол Базарнаев отбасындағы жағдайды сыртқа шығармай бәрін бейбіт түрде шешуге ұйғарды. Али Рахатов еуропалық елдердің біріне елші болып аттанады. Бірақ ол ол жақта да тыншымай дипломатиялық жұмыстан кетеді де қайын атасына қарсы ашық күреске шығады. Қызықстанда Рахатовқа қылмыстық іс қозғайды да, Дарьяны өз күйеуінен бас тартуға мәжбүрлейді. Али оған ерегісіп «Менің қайын атам қылмыскер» атты кітап шығарады. Ақырында Али мен Муса Айнуров бір еуропа елінде түрмеге түседі, онда олар біршама уақыт қауіпсіз аймақта отыра тұруға ұйғарады. Олар бірақ аңқаулықпен Еуропада да бәрі заңға бағынады, ол жақта пара алмайды деп сенді. Жабық және жақсы күзетілген түрмеде Али Рахатов «өзін-өзі өлтіреді». Шындығында еуропалық күзетшілер жарты сағатқа ғана видеокамераларды өшіреді де түрмедегілерді бақылауды тоқтатады. Соның өзі Рахатовты өлтіруге жеткілікті болады. Кейін Айнұров айтқандай, оған түрмедегі дәрігері Рахатовтың қабырғасы сынғанын, кейін өлген оны біреу асып кеткенін айтыпты.

Нөлінші жылдардың басы сөйтіп Базарнаев үшін күрделі басталды. Ұйқының арасында ол: «Қонғалы жатырмыз» — деген дауыс естіді де, «А…» деп есінеп алып оянып кетті. Ол ұшақ Эмират корольдігіне қонғалы жатқанын түсінді, онда оның жеке істері бар болатын. Ол онда өз ақшаларын тыққан еді.

Әкежановтың шотын іздейміз деп жүріп өз шоты әшкере болғалы ол мұндай істе тым сақ бола бастаған. Ақшасының бөлігін, миллиартай ақшаны ол өз ауылы Тамолғанға жасырды. Ол үшін онда үлкен қойма жасалды, оны тіпті снарядпен де атқылап ашу мүмкін емес еді. Ақшаның кейбір бөлігі азиаттық аралдағы Сингапо мемлекеттік банкінде сақтауда (14), оны онда сақтауға бұл елді жақсы білетін Сим Каримов ақыл қосты.

Бұл корольдікте ақша сақтау тым қарапайым болатын. Миллионыңды енгізесің де қалған миллиардты жергілікті мемлекеттік қорға саласың. Бітті, ол енді формальды түрде Эмират корольдігінікі болып есептеледі. Керек уақытта ақшаңды аласың да қандай да бір жобаға инвестиция ретінде салған боласың. Ол Қызықстанда қандай да бір рентабельді өндіріс орны болса солай істейтін. Соңғы рет ол президенттіктен кеткен соң Қызықстандағы екі гидроэлекторстанцияны жекешелендіруде пайдаланды.

Біреу телефон соқты. Ол Василий Нидің жиені Владимир еді. Ол трубкаға: «Сұлтан Қабышұлы! Біз сізге үлкеен ұшақ сатып алдық! Будиндікінен де үлкен» деп айқайлады. «Жарайды, кейін көрсетерсің» — деді де Базарнаев қонуға дайындала бастады. Ұшақта барлық уақытта тыныш қана бір халық әнінің мелодиясы ойнап тұратын. Бұл жолы Қамажай мелодиясының ойнауын оның өзі сұрады.

9-тарау

«Бастық» алғашқы жоспарларын өзгертті. Өкілеттігін ұзарту кампаниясы. Юнайтед позициясы кедергі келтіре бастады. Кингүй мен Юнайтедте Дарьяны көрсету. Будиннің жақтырмаушылығы.

Базарнаев жарты сағаттай ұйықтап алды. Алғашқы мұрагерінің өмірге келуі оның ең бақытты күндерінің бірі еді, ол сол кезді еске алуды сүйетін. Үлкен ұлын ол тар шеңберде, өз ортасында Бастық деп атайтын. Базарнаевқа ұнайтынын біліп оның ең ескі әрі сенімді досы Василий Ин Бастық туралы сұрауды ұмытпайтын. Ол әрқашан солай деп сұрайды да: «Бастықтың» жағдайы қалай? Бұл Базарнаевқа ұнайтын және ол сағаттар бойы Бастықты талқылаудан жалықпайтын. Бір рет, барлық кеңестерге қарамастан ол оны хоккей матчына алып барды. Кейін Алексей оған ұлымызды көз тиюден сақтау керек деген соң ол көпшілік алдында онымен бірге болуды доғарды. Екінші ұлы туғаннан кейін ол билікті басқаға беруден мүлдем бас тартты да билікті ұлдарына беруге шешім қабылдады. Ол балаларының тым кішкентай екенін және өзі бірталай жасқа келгенін түсінді. Бұл жағдай оған билікті балаларына берудің тиянақты жоспарын жасауға итермеледі. Ең алдымен ол тыныш қана, ешқандай сайлаусыз билікте он жыл отыруды көздеді және осы уақытта билікті балаларына берудің тиянақты жоспарын жасағысы келді. Жоспар былай еді: алдымен ол 2020 жылға дейін билікте болады, сол уақытта өзіне жақын біреулерден уақытша ізбасар тағайындап алады, ал өзіне жоғары басқарушы тәрізді жаңа лауазым жасап алады. Кейін әлгі уақытша ізбасар билікті өзінің үлкен ұлына, Бастыққа табыстайды. Бірақ ол үшін өздерін оппозиция санайтын әртүрлі айқайшыларды ауыздықтауы керек. Бұл жұмысты өзінің кеңесшісі Ермух Иртышов жақсы атқарды. Ашығын айтқанда осы бір бұрын Көмірқалада ЖОО мұғалімі болған біреу оған ұнамайтын, оны лас, тым жылмағай көретін. Бірақ Иртышовтың бір маңызды артықшылығы – оның тілі сала құлаш еді және ол кез-келгенді мылжыңымен сазға отырғызып кететін. Кезекті парламент сайлауы алдындағы дебатта Ермух Иртышовқа оппозициядағы тілі бұраңдаған оппонеттерін тақырға отырғызып кету түк қиындық келтірген жоқ.

Әрине, оппозиция деген түсінік Қызықстанда шартты түрде ғана болатын. Көптеген оппозиционер дегендер Базарнаевтың нұсқауы бойынша кәдімгідей сатып алынған еді және олар тұрақты түрде ақы алып отырды. Сондықтан Базарнаевқа кейбір белгілі оппозиционерлердің БАҚ-та не жазғандарын көрсеткенде оның күлкісі келді.

Жоспарды жүзеге асыру үшін 100% лояльды мемлекеттік аппарат керек болды. Ал онда әлі де мемлекетшіл кадрлар болды және олар Базарнаевтың саясатын қолдамайтын. Олар аз, бірақ болды. Сондықтан барлық мемлекеттік органдарды ондай кадрлардан тазартуға команда берілді. Нәтижесінде бұл шенеуніктердің сапасының төмендеуіне және коррупцияның өршуіне алып келді. Әрқашан өз мүддесін мемлекет мүддесінен жоғары қойып келген Базарнаевқа бұл жағдай бит шаққандай да әсер еткен жоқ, қайта өз мақсатына жету жолында ол кез-келген кедергіні жойып отырды.

Сыртқы фактор да бұл кезде ойдағыдай болды. ЕЭО туралы келіссөздер аяқталып келе жатты. Белкартопия мен Қызықстанды өз орбитасына тарқан Будин көңілді еді. Ол өзінің геосаяси мақсатын жүзеге асыруда маңызды қадам жасады: тарап кеткен Советияның орнына еуразия мемлекеттерінің жаңа одағын құруға қолы жетті. Шүршіттермен де қатынас өз деңгейінде. Қалыптасқан экономикалық байланыстармен қатар х/а, региональдық ұйымдармен әріптестік те дамып жатты. Расында да бұл уақыт Қызықстан үшін ыңғайлы сыртқы факторлар уақыты болды.

Алдымен төменнен біреулер Базарнаевтың өкілеттігін ұзарту туралы инициативамен шығу керек еді. Оған бір ЖОО-ның мұғалімі мен прфессоры Байдоскин таңдап алынды. Онымен сөйлесіп конверт берілген соң ол батыстағы бір облыс орталығындағы Бірлік және Келісім бульварын ашу салтанатында халықтың атынан сөз алып Базарнаевқа өмірлік өкілеттік беру керек деп ұсыныс тастады. Халықтың реакциясы әртүрлі еді, бірақ негізінен ең бастысы қармақ тасталды. Бұл уақытта тағы бір маңызды оқиға орын алды, Базарнаев Ұлт Көсемі аталды. Парламент «Тұңғыш президент – Ұлт көсемі» атты арнайы конституциялық заң қабылдады, сөйтіп ол бір уақытта барлық бұрынғы және өзінен кейінгі Қызықстан басшыларынан жоғары болып шыға келді. Ресми түрде оны солай деп атай бастады – Тұңғыш президент — Ұлт Көсемі. Мұнда таң қалатын ештеңе де жоқ еді, мектеп қабырғасынан-ақ Қызықстанның негізін салған Базарнаев деп сендірді және ол әрбір азаматтың санасына солай деп мықтап сіңірілді. Базарнаевтың өзі де бұған сене бастады, ол өзін жоғарыдан Қызықстан халқына басқаруға жіберілген мессия деп есептеді.

Бір жылдан кейін осыған ұқсас инициативамен елдің шығысында сөз сөйленді. Оны айту Шығыс университетінің ректоры Тыдықовқа тапсырылды. Тыдықов тапсырылған істі бұжытпай орындады. Ол президент өкілеттігін он жылға, 2020 жылға дейін ұзартуды ұсынды және осы ұсынысты референдумға шығаруды сұрады. Байдоскиннің де, Тыдықовтың да артында Базарнаев әкімшілігінің адамдары тұрған болатын, оалрды шеберлікпен басқарып отырған Базарнаевтың сенімді әріптесі Муса Асланов еді. Бір айдан кейін Тыдыков командасы референдум өткізуге екі миллионнан астам қол жинады. Базарнаевқа өзі оны қаламайтын, бірақ халық талап етіп қоймай жатса амалсыз келісетін адамның рөлін ойнау ғана қалды.

9-тарау. (Жалғасы)

Бәле аяқ астынан, күтпеген жақтан келді. Юнайтед елшілігі мәлімдеме жасап, онда демократия принциптерінен аутқымау керек деп турасын айтты. Бұл оның құпия шоттарын жауып тастауы мүмкін еді, онда мына билікті беру туралы көпқадамды жұмыстар құрдымға кеткені. Юнайтед елшілігінің мәлімдемесі оның Батыспен келіспей династиялық билік транзиті дегені іске аспайтынына көзін жеткізді. Бұл жерде оған Кемелов қажет болды, Советия тараған соң ол Қызықстанға шақырылып, оны СІМ етіп тағайындаған. Кемелов бұл уақытта ұлттар лигасының Бас хатшысының орынбасары еді және Еуропада оның бір бөлімшесін басқаратын. Бұл пост қалыптасқан салт бойынша ССРО-ке бекітілген және Советия тараған соң Эрефияға ауысқан, бұл сонысымен-ақ батыс елдерінің келіспеушілігін туғызған еді. Сондықтан бұл посты алдымен бұрынғы Советияның бір еліне бере тұруға келісілген және бұған Қызықстан таңдалды. Базарнаев Будинмен келісе отырып ол жерге кәнігі дипломат Кемеловты қойған. Бір батыс еліне сапары кезінде Базарнаев Кемеловты өзіне шақырып алды да оған: «Саған Қызықстанға қайту керек, парламентті басқару керек» — деді. Кемелов мұндайды күтпеген еді, сондықтан ол осы жоғары постта еліне пайдалырақ болар еді, қажетті байланыстар орнатылды, жаңа перспективалар ашылады деді. Базарнаев оны тыңдамады да, жақтырмайтын дауыспен: «Солай істеу керек. Ерте ме, кеш пе – маған биліктен кету керек, сол кезде, мүмкін, сен менің орныма келерсің» — деді. Тағы да: «Бірақ уақытша. Кейін билікті менің адамыма бересің, оның атын кейін айтам» — деп қосып қойды. Кемелов оның орнына кандидат Дарья екенін, бірақ Базарнаев оны қолдамайтынын білетін.

Кемелов бұған қатты таң қалды. Ол өзінің дипломатиялық мансабында ең жоғары шыңға жеткендей болғанын, х/а ұйымның басшысы болғанын білетін, кенет… мынадай тағдырдың бұрылысын-ай. Алайда елінің мүддесі үшін бұйрыққа бағынуға, Қызықстанға қайтуға тура келді. Ол билік транзитінде өзінің ерекше рөл орындауға тиісті екенін сезді, алайда оның барлық детальдерін білген жоқ.

Сөйтіп ұлт көсеміне шұғыл түрде билікті беру жоспарына тиісті корректировка жасауға тура келді. Ол Юнайтед президентіне жол табу керектігін түсінді. Бұл жерде Базарнаевтың мұрагері ретінде Дарья маңызды рөл атқаруы керек болды. Жалпы Базарнаевтың айналасындағы өте жақын кейбір адамдар олардың арасында көптен бері қандай да бір ерекше байланыс барын сезді. Дарья қызмет көрсетуші персоналдар көзінше Базарнаевқа сен деп сөйлейтін, өзіне көп көңіл бөлуді талап ететін, олар жиі ұрсысып қалатын. Ол өзін өгей қызы сияқты емес, жақын әйелі сияқты ұстайтын. Біртіндеп олардың арасындағы құпия байланыс қоғамға белгілі болды. Дарьяның ұлы және Сұлтанның немересі, оны да Сұлтан деп атайтын, бүкіл Қызықстанға өзінің әкесі Базарнаев деп жар салды. Кызыкстанда бұған ел жағасын ұстады және бірталайға дейін осыны талқылаумен болды. Базарнаевтың ойынша Дарья оны алмастыруы керек еді де, біраз уақыттан соң билікті өсіп келе жатқан Бастыққа беруі тиіс еді. Ол үшін алғашқы қадамды Кингүй корольдігіне қарай жасау керек те соның келісімін алу керек болды. Кингүй корольдігі Юнайтедтің тарихи негізін салушы болып есептелетін және олар ғасырларға созылған байланыспен шатасып жатқан. Алдымен ондаған миллион долларға Кингүйдің бұрынғы премьер-министрі Блэр Тонкинді кеңесші ретінде жалдап алды. Сосын Қызықстанға қазіргі премьер-министр Кэмерон Дэвидкиннің сапарын ұйымдастырды. Сол үшін тікелей эфирде мұнай өңдеу зауытының іске қосылуы спектаклі ойналды. Зауыт бірақ көп кейін іске қосылды. Мұның бәрі Базарнаев пен Дарьяның Кингүйге сапары мен Кингүй королевасының аудиенциясы үшін жасалды. Дарьяны Қызықстанның премьер-министрінің орынбасары етіп тағайындап, ол королеваға Сұлтан Базарнаевтың орнына келуші ретінде таныстырылды. Сөйтіп алғашқы қадам жасалды және ол табысты болды. Бұл уақытта Юнайтедке жаңа президент Трап келді. Қызықстан мен Юнайтедтің лоббистері жақсы жұмыс жасады да Трап сайланған бойда Қызықстан президентіне звондады. Бұл қоңырау Юнайтед президенті Базарнаевтың ұсыныстарын қарауға дайын деген сөз еді. Бір жылдан кейін оның ресми сапары кезінде оған Дарья еріп жүрді де сол жерде Қызықстанның болашақ президенті ретінде көрсетілді. Келіссөз қорытындысында Қызықстан мен Юнайтед әскери сала мен қауіпсіздік саласында өзара әріптестікке қол қойылды. Тағы да Орта Азияның бір еліндегі Юнайтед әскерінің жүктерін Хазар теңізі арқылы транзит жасау туралы бөлек Келісім жасалды. Юнайтедтің нұсқауымен Қызықстан Эрефиядан өзіндегі әскери полигондарын әкетуді талап етті. Қызықстан мен Юнайтед арасындағы Келісімдер Эрефияның, Будиннің жеке өзінің қатты ашуын туғызды. Оның үстіне эрефиялық арнайы органдары анықтағандай, Қызықстанның бір Таяу Шығыс еліндегі көтерілісшілерге жергілікті биліктің шақыруымен сонда жүрген Эрефия әскеріне қарсы қару беріп жатқаны белгілі болды. Эрефия мен Қызықстан одақтас елдер және бір ортақ қорғаныс пактісінде екендігіне қарамастан солай болды. Будиннің күтпеген қоңырауы осының бәрін Базарневтың есіне сап еткізді. Будиннің ЕЭБ елдерінің басшыларының кездесуі қарсаңында Базарнаевты Сочинскіге бір күн бұрын келуге шақыруы осыған байланысты еді, Базарнаевты ауыр әңгіме күтіп тұрды. Будинді бұрын дұрыс бағаламаған екенмін деді өзіне-өзі Базарнаев.

10-тарау

Лоламен байланыс. Кларамен проблема. Абду Ганиевтің сараптамасы. Кемеловтың пайда болуы. Нобель сыйлығын алуға талпыныс. Қызықстан Базарнаевтікі. Компартияның бөлінуі. Жаңакөлдегі оқиға. Жер митингілері.

Бүгін оның түсіне Лола кірді. Екінші күйеу Тамирмен бірінші күйеумен салыстырғанда еш проблема болған емес. Оның қайдағы бір Лоламен флирті қоғамға белгілі болды, олардың махаббаттық байланысы туралы сары пресса жазды. Тіпті олардың ұлы туғаннан кейін Лоланың қасында тұрған Тамирдің де фотосы пайда болды. Өзінің қызын ашықтан-ашық қорлап жатқан Сұлтан Базарнаевтің күйеуін неге жазаламайтыны көпшілікті таң қалдырды. Мұны түсіндіруге болар еді. Мәселе мынада – Лоланың ең бірінші бабын тапқан адамы сол Сұлтан Базарнаевтың өзі болатын. Ол оны үнемі өзіне шақырып алатын. Оның мұндай көлденең жүрістерін біліп қалған Алексей айқай шығарды, сөйтіп Ұлт көсеміне мұнысын тоқтатып Лоланы турасын айтқанда күйеу баласына беруге тура келді. Шындығында Лолаға берілген көптеген қымбат сыйлықтар Тамирден емес, соның сыйлықтары болатын. Қоғамда күдік тумауы үшін ол Тамирді Лоламен және жаңа туған ұлымен бірге фотоға түсуге мәжбүрледі.

Лоладан кейін оның есіне Клара түсті, өйткені онымен проблемалар басталған болатын. Ол ұзақ уақыт өзінің су құю мәселесімен қолы тимей жүрді. Сосын Клараға ешкім қарсы келе алмай барлық мектептерде «Өзін-өзі тану» сабағын енгізуге тура келді. Сұлтан бұл сабақтың еш мағынасы жоқтығын мұғалімдерден естісе де ештеңе демеді, әйтеуір ол бір нәрсемен айналысып жүре берсін деді. Су құюдан кейін Клара нумерологиямен айналысып, елдің бәрін жұмысты белгілі бір уақытта істеуге мәжбүрледі. Кейде бұл тіпті шектен шығып кететін. Мысалы ол түскі асқа тек қана алты мантыға тапсырыс беретін. Қарапайым аспаз қыз көбірек пісіріп, столға тек алты манты ғана беретін. Соны Клара біліп қалып қатты жанжал шығарды, аспаз қызды жұмыстан кетірді. Соңғы кездері Клара қатты бақылауда болды, оны ешқайда шығармады. Сөйтіп бір кездері Шойынтаудағы жұмысшы жатақханасында басталған өмір осылайша аяқталды.

Оның түсіне әрбір мүмкіндікті қалт жібермей мұны мысқылдап отыратын қу, Сартстанның басшысы Абду Ғаниев кірді. 90-шы жылдардың басында олар бірге Қызықстанның астық өлкесін аралағаны есінде. Ғаниев: астығың жайқалып тұр екен, давай Сұлтан, құй, болашақ орақ науқаны үшін ішіп жеберейік деді. Қапшағаев кезінен қалыптасқан, дипломатқа арақ пен тісбасар салып жүретін салт бар еді. Қырсыққанда тап сол күні оның көмекшісі Василий Ин дипломатты ауды ұмытып кетіпті. Кейін Абду Ғаниев мысқылдап: «Сұлтан сен менде бәрі бар дейсің, бірақ 100гр құя алмадың» — деп кекететін. Базарнаев Абду Ғаниевтің өзінде, Сартстанда Базарнаев соншама бай, мүмкіндігі мол Қызықстанның байлығын әркімге таратты деп үнемі айтып отыратынын білетін.

Бірде Базарнаев Ғаниевтің денсаулығын білгісі келді. Сартстан президентінің Қызықстанға кезекті бір сапарында оның бұйрығы бойынша агенттер құпия түрде қонақ үйге кіріп Ғаниевтің кіші дәретін сараптама жасауға алады. Бұл операция туралы кейін оның бірінші күйеуі Али Рахатов айтады.

Оның Қалпақстан басшылығымен еш проблемасы болған жоқ. Бала кезден халқымен таныс, қанша дегенмен де туған өлкесі республикамен шектес, сондықтан да халқымен жиі кездесіп тұратын. Қалпақстан Қызықстанға көп нәрседе байланысқа мүдделі еді, бұл Қалпақстан басшылығының позициясын анықтайтын. Ондағы жағдай әлеуметтік жағынан күрделі еді, оларда Қызықстандағыдай жағдайлар мен мүмкіндіктер болған жоқ, сондықтан онда үнемі халық толқулары болып тұратын және басшылары жиі ауыстатын. Осындай тоқулар мен революция кезінде Базарнаев олардың екі президентін елден алып кетіп құтқарып қалды. Ал бір президенті мінезді екен, Қызықстан мен оның басшылығын қатты сынап тастады. Аламуту мэрінің оның қаласының бюджеті бүкіл Қалпақстанның бюджетінен бірнеше есе көп деген мәлімдемесіне әлгі: «Қызықтан үнемі байлығын айтып мақтанады, ендеше адамдары неге жарлы тұрады?». Оған өзі жауап берді: «Өйткені онда барлығы ұрлайды». Бұл жанжал туғызды. Қызықтан Қалпақстанмен шекараны жапты. Бұған қалпақ президенті одан әрі кетті: Базарнаевытың айналасы түгел боқ жейтіндер деді.

Бұл уақытты Базарнаев есіне алғысы келмейтін.

Ол келесі бүйіріне аунап түсіп енді түсінде билікті беру жоспарын қалай жасағанына тағы да оралды. Ол сыртқы фактордың маңызды екенін, әсіресе Қызықстанға ықпалы жүретін үш дежаваның нақты позициясы маңызды екенін білді. Олар Эрефия, Юнайтед және Шүршіттер. Енді осы үшеуін де қанағаттандыра алатын ізбасар таңдауы керек еді. Мұндай идеальды кандидат және ізбасар Кемелов еді. Ол Московада оқыды, эрефия мәдениетіне жақын болып есептелді, шүршіт тілін біледі, Шүршітияда сәбетия елшілігінде істеген. Маңызды көзірі – Ұлттар лигасының еуропа бөлімшесін басқарған, яғни Батыс оны біледі. Сөйтіп Кемелов уақытша фигураның запастағы варианты болып таңдалды. Қажет жағдайда ол бірден уақытша ізбасар болып, кейін өзінің өкілеттігін Дарьяға бере салатын. Тұңғыш президент, ұлт көсемі мұның бәрін ойластырды, барлық нюанстарды ескерді. Оның түсіне шүршіттердің көшбасшыларының бірі Ху жолдас кірді. Барлық шүршіт көшбасшыларынан да ол Московада ортақ жеңіс күні оны қорлағаны үшін Худы сүймейтін. Ол кезде Ху жолдас Базарнаевты әлем қоғамы алдында итеріп жіберген болатын. Базарнаев бекітілген протоколды бұзып Эрефия, Юнайтед Және Еуропа көшбасшыларына жақындап, шүршіт басшысының алдына тұрып алған еді. Міне, сол кезде Ху оны итеріп жіберді. Екінші рет оны Шүршітияда конференция кезінде әлемдік көшбасшылар қатарында фотоға түсірді. Қызықстан президенті, ұлт көсемі тез адымдап әлем көшбасшыларын қуып жетті де өзінің бағыныштыларын қасына шақырып, тездетіп олармен бірге фотоға түсіріп алуларын ыммен көрсетті.

Ол әлемдік мықтылармен бірге болуды сүйетін. Сондықтан да ол ноблесстер қатарында қатты болғысы келді, сол себепті Пирения королі Хуанға дос болуға ұмтылды. Базарнаев оны үнемі Қызықстанға аң аулауға шақыратын, оған корольге қайырылғандай, ағылшын тілінде «май френд» деп қайырылатын.

Хуан бір келгенінде оған қар барысының терісінен тігілген тон сыйланды. Бұл барыс «Қызыл кітапқа» енген барыс екендігінде Базарнаевтың шаруасы болған жоқ. Біраз уақыт өткен соң өз отанында Хуан бәлеге қалды – осы тон үшін ол нағыз жанжалдың ортасында қалды. Корольге креслосын тапсыру керек, әйтпесе алыстағы азиялық авторитар басшымен байланысын үзуі керек. Ол ойланбастан достықты тоқтатты.

Ол тағы да антиядролық қару бойынша Нобель сыйлығын алғысы келеді. Өз бақылауындағы БАҚ-тар ол туралы ССРО-ның Семей ядролық полигонын жапты деп жарыса жазып жатты. Шындығында жағдай басқаша еді, оның полигонды жабуға өкілеттігі жетпейтін. Полигон қоғамдық қысымның арқасында жабылды. Нобелевка үшін не жасамады дейсің? Қайсібір қоғамдық ұйымдар арқылы оның кандидатурасын сыйлыққа ұсынды, бұл іске бір-екі нобель лауреаттарын кірістірді. Соңғы рет оны ядролық сынақтар құрбандарымен қоса ұсынды, бірақ бәрі бекер еді. Нобелевка үшін әлемдік дін өкілдері съездерін ұйымдастырды, орынды-орынсыз жерлерде глобальды бейбітшілік инициативалар жасады. Сосын СІМ арқылы оның инициативаларын таратты, конференциялар мен брифингтер өткізілді. Жаңа астана Есілградта Еуропадағы қауіпсіздік туралы саммит өткізгенін есіне түсірді. Саммит жақсы басталды, бірақ Эрефиямен конфликтіге келіп жүрген бір елдің позициясы қырсығынан қорытынды құжатқа қол қойылмай қалды. Базарнаев саммит біткен соң құжатқа қол қойылады да, өзі тарихқа үлкен дипломат әрі бейбітшілікті жасаушы ретінде енемін деп есептеді. Мұны оған айналасы, әсіресе бірінші айтқан Али Рахатов сендіріп бақты. Бірақ құжатқа қол қойылмады да делегация басшылары елдеріне ұшып кетті. Базарнаев ашудан терісіне сыймады. Оның өз бағыныштыларына қалай айқайлағанын, боқтағанын бәрі де естіді. Тездетіп жалпылама сөздер мен ұсыныстарда тұратын басқа декларация жасалып, оған терең түн ортасында қол қойылды. Күткендегідей эффект болмады, алайда осы бос декларацияны бірнеше жыл Базарнаев дипломатиясының триумфы ретінде беріп отырды. Дәл осыған ұқсас оқиға екінші дәрежедегі «Жасыл энергетика» көрмесімен де болды. Ол тек бұл көрменің екінші дәрежедегі көрме екендігін кейін білді. Бұған дейін өзін үлкен экономист санап келген Қайыр Келімов барлық уақытта бұл көрменің ел үшін маңыздылығы мен қажеттілігі туралы үнемі айтып келді. Келімовтың ұсынысы бойынша осы қажеті жоқ шараға миллиардтаған доллар жұмсалды, бірақ қайтарымы, күткендегідей, нөлге тең болды. Бұған Базарнаевтың қылы да қисайған жоқ, себебі ол өз ақшасы емес еді. Есесіне бюджеттегілерді үш ай бойы осы көрмеге зорлап тасымалдаумен болды. Африкалық елдердің пафильоны танымал болды. Көрмеге келушілер сувенир сатып алып, алыс Африкадан келген қонақтармен міндетті түрде селфи жасайтын. Осы көрмені ұтып алу да сол африкалық елдердің дауысы арқасы еді, өйткені оларға барлық шығындарды көтереміз деп уәде етіліп дауыстары дауыс беру кезінде сатып алынған еді.

Елде оның жеке басына табыну гүлдеп тұрды. Тәуелсіздік алғалы барлығы тек Базарнаевтың атымен байланыстырылды. Ресми түрде Қызықстанның негізін салған Базарнаев болып есептелді, оның өзі де мемлекеттің негізін салған өзі екендігін әлдеше рет атап өтті. Оның қасында бұрынғы хандар далада қалды, ал тұтас қалаларды салған Қапшағаевты ешкім есіне де алмады. ЖОО-лардағы тарихтың міндетті курстары тек соған және соның басқаруына арналды. Басқалардан айырмашылығы – ол елді өзі үшін және өзі басқару үшін құрғандығын жақсы білді. Өзі құрастырған билік вертикалында тек өзінің ғана адамдары отырды. Бұл оның алыс, жақын туыстары, көптеген жиендері, жерлестері, шыпыты руының өкілдері, ол туыстардың балалары, достары, қаптаған туыстарының достары еді. Олардың барлығы да бюджетті қалауынша жұмсады, тендерлерді өз адамдарына үлестірді, байыды, өз рахаттары үшін өмір сүрді. Олардың бәрі де мантра сияқты Сұлтан Базарнаевтың атын қайталаумен болды, қажет болған жағдайда қарсыластарын соның атымен қорқытты. Бұл істе Аламутудың мэрі, класстасының баласы ерекше табыстарға жетті. Ол әрбір сөзін «Ұлт көсемі Сұлтан Базарнаевтің арқасында…» — деп бастайтын. Экономиканың барлық шұрайлы бөліктері соның туыстары мен таныстарының қолында болды. Нәтижесінде бай Қызықстан елінің байлығының жартысы таңдаулы бір топ адамның қоластында болып шықты. Бұл бірақ біраз кейін анықталды, ал әзірге Базарнаев қорылдап ұйықтап жатты.

10-тарау (Жалғасы)

Базарнаевтың айналасы оны ерекше миссиямен көктен жіберілген дегенге оның өзін сендіруге тырысты. «Мәңгі ел – мәңгі халық» атты бағдарлама жасалып, онда оған библиядағы Моисеймен салыстыратындай ерекше рөл берілді. Кейін белгісіз себептермен бұл бағдарламадан бас тартылды. Бағдарламаны жасаушылардың бірі бөтен елге қызмет еткен екен деген әңгіме шықты. Оның орнына оның спичрайтерлеры оған «Ойды нұрландыру – қоғамдық сананы нұрландыру» атты мақала жазды. Тағы да бүкіл мемлекеттік аппарат осы мақаланы іске асыруға кірісті – бүкіл ел бойынша арнайы ғылми конференциялар, концерттер, көрмелер, спорттық шаралар, басқа да шаралар ұйымдастырылды. Бұған да ешкім ешкімге есеп бермейтін бюджеттен орасан зор ақша бөлінді. Мұның бәрін Бзарнаев білмей отырған жоқ, ол өз бағыныштыларының ұрлап жатқандарын жақсы түсініп отырды. Тіпті ол осыған мүдделі еді. Бір жағынан ол олардың баюына мүмкіндік берді, екінші жағынан ол бұл компроматтармен оларды өзіне мықтап матады. Бір кезде өзі айтқан фраза: «Мен кез-келгеніңлі қолдарыңнан ұстап түрмеге тоғыта аламын» дегені барлық уақытта актуальды болды. Алтын балық туралы ертегідегі Мыстан кемпір сияқты, ол әлемдік даңқты аңсады, Қызықстан оған тар болып көрінді. Әлемнің қалай құрылғанынан мүлдем бейхабар ол үнемі глобальды инициативалар ұсынумен болды. Толық ядролық қарусыздануды ұсынды, әлемдік державалар арасында делдал болғысы келді, Есілградта әлемдік диалогқа алаңша ашып, әлемдік діндерді жақындастырғысы келді, сол үшін дін қайраткерлерінің съездерін ұйымдастырды. Бұл инициативалардың барлығы да негізсіз, орындалмайтын нәрселер еді, бірақ оған ешкім де қарсы келе алмады. Бір кезде ол әлемдік ортақ валюта туралы идеямен шапқылап жүрді, тіпті оған қандай да бір ат та тауып қойды. Сөйтіп Тамолғанның тумасы өзінің кереметтігіне сеніп қалып бүкіл әлемді қалай өмір сүруге, қалай әлемдік экономиканы қайта құруға үйрете бастады.

Бірақ мұның бәрі кейін анықталады, ал қазір ол ұйқысында тәтті түстер көріп жатты. Әртүрлі сұхбаттарында ол өзіне ойлап табылған өзінің шыққан тегі туралы аңыздарды, белгісіздеу Қарабай батырдың тікелей ұрпағы екендігін қайталаумен болды. Бұл батыр сақталған дереккөздерде ұшыраспайды, сондықтан нағыз ғалымдар тарапынан оның жеке басына қатысты сұрақтар пайда болды. Бірақ бірте-бірте олар бұл тақырыпқа мән беруді қойды. Аңыз бойынша Қарабай батырға әлде түсінде ме, әлде өңінде ме, өмірдің маңызды кезеңдерінде қызыл жолбасрыс көрінеді екен-міс. Енді осы қызыл жолбарыс шешуші кезеңдерде Базарнаевқа келіп жүрді деген әңгімелер айтылып жүрді. Базарнаевтың өзі де астананы Аламутудан Есілградқа көшірерде түсінде қызыл жолбарыс келіп ал қимылда, бәрі дұрыс болады депті-міс деп үнемі айтып жүрді. Туған ауылы Тамолғанда музейі ашылды. Онда тіпті Базарнаевтың арғы бабасы Қарабай батырдың фотосы бар деп айтып жүрді. Егер бір шетелдік турист кездейсоқ келіп көрмегенде ол фото солай тұра берер ме еді, қайтер еді? Ол жәй ғана 18-ғасырда фотография деген атымен болған жоқ депті. Тұңғыш президент туралы заң шықпай тұрып-ақ оның атындағы мектептер, тұтас Базарнаев университеті пайда болды. Оларды қаржыландыру бөлек жолмен жүрді және оған бөлінген қаржы басқа барлық мектептерге бөлінген қаржылармен тең дәрежеде еді. Басқа мектептермен салыстырғанда ол мектептерде жағдай жақсы, сондықтан оқушылар сапалы білім алды және сәйкесінше жақсы мамандық таңдауда шанстары жоғары болды. Ол мектептер мен университет Базарнаевтың мақтанышына айналды. Сөйтіп Базарнаев балалық шақтан бастап өзіне берілген кадрлар дайындады, болашақта олар оның Бастығына да берілген сенімді кадрлар болады деп сенді. Әрбір қалада оның атындағы парктер пайда болды, ескерткіштер орнатылды, кейбір ЖОО-ларда «Базарнаевтану» жаңа сабағы енгізілді. Ұлттық банк әрбір айтулы датаға тұңғыш президент-Ұлт көсемі бейнесі салынған монеталар мен купюралар шығаратын.

Базарнаевты мақтауға арналған осы бүкіл PR-кампанияны шетелде Қызықстаннан шыққан бір тілші туралы фильм тас-талған етті. Фильм Юнайтед туралы болса да оны Қызықстанмен байланыстыратын. Фильмнің жалғасы ретінде Базарнаевтың өзі жауыз премьер-министр рөлінде пайда болады. Қызықстанда қаптаған документальды фильмдерге қосымша Базарнаевтың өмір жолы туралы тұтастай сериал түсірілді. Басты рөлді ойнаған актер парламент депутаты болады. Оның тумаластары таңдаулылар қатарына енгізіледі. Базарнаевтың шешешінің құрметіне ауылдың атын береді, қыздарының кенет қабылеттері ашылып олар кітап жазып, кино түсіре бастайды. Бұл да кейінірек ашылады, ал әзірге Ұлт көсемі әлі ұйықтап жатты.

Соңғы кезде оның түсіне коммунистік өткені жиі кіре бастады. Қалай партия қатарына өткені, ұлттық квота бойынша оны Шойынтау комбинаты парткомына хатшы қылғаны, партия съездеріне делегат болып барғаны кіретін болды. Қапшағаевтың інісі Осқармен қалай кездескенінің үсақ-түйегіне дейін және Қапшағаевтың өзімен алғашқы әңгімесі есіне түседі. Өзінің түсіне қарап ол қайтадан бұрынғы уақытқа қалай кеткенін, әлде президент және Ұлт көсемі ме – соны айыра алмай жатып бірден оянып кететін. Обалына не керек, ол кезде партия мықты еді және салмағы да бар болатын. Осыған байланысты оның есіне қолдан қойған коммунистер де түсті. Қызықстан компартиясын ол кезде азаматтардың қолдауына ие Болсын Абдилов басқарды, бұл Базарнаевқа мүлдем ұнамады. Оны қалайда мұқату керек болды, алайда ол оңай шағылатын жаңғақ емес екендігін Базарнаев білетін. Сол кезде Абышаев пен Сим Каримов партияны іштен ірітуді ойлады. Компартия басшыларының бірі Косаркинге қандай да бір қатесі үшін қылмыстық іс қозғау керек болатын. Онымен сөйлесілді. Іс қозғамайтын болды, бірақ ол съезде Болсын Абдиловқа қарсы сөйлейтін болып келісілді. Біраз жылдар бұрын тура кезінде Базарнаевтың Қапшағаевқа қарсы шыққанындай. Коммунистер қатарына агент ретінде парламент депутаты, нағыз жылпос және рушыл Абылқас Ерасылкин енгізілді. Ерасылкин өзара жеке әңгімелерде әлденеше рет ең бастысы биліктің маңына солтүстік рулардың өкілдерін жіберуге болмайды деп жүретін. Солтүстіктіктер несімен жақпай қалды, ол оны өзі де түсіндіре алмайтын. Косаркинмен бірлесіп ол екеуі коммунистердің бір бөлігін ертіп кетіп бөлек партия құрды, тек оның бұрынғы атына халықтық деген сөзді қосты. Ерасылкин осы еңбегі үшін қызына мансап сұрап алды. Базарнаевты мұндай адамдар таң қалдырмайтын, себебі оның өзі де сондай және өзі де талай рет солай жасаған еді.

Бір рет ол қатты қорқып кетті. Батыста Жаңақол қаласында мұнайшылар жаздан бастап көтеріліске шықты. Оған баяндағанындай, бұл істі Қабыл Мұқтаровтың адамдары одан әрі қыздырған, бұл кезде ол оның басты қарсыласына айналған. Жағдай бақылаудан шығып кете жаздады, сондықтан ол қосымша күштік құрылымдар тартуға бұйрық берді. Тәуелсіздік күні қарсылықтың активті фазасы басталды, адамдар мұнай компаниясының офисіне шабуылға шықты. Осы кезде полиция қару қолданып, адамдарды ата бастады. Қару қолдану туралы бұйрықты тек қана жоғарғы басшылық бере алатын, яғни Базарнаев қана. Кем дегенде ол бұл жағдайды біліп отырды. Ондаған адамдар өлді, дәл саны әлі күнге дейін белгісіз. Алайда бір кінә жергілікті полиция басшыларына аударылды. Базарнаев Жаңақолдағы бұл істі ұмытуға тырысты, алайда ол үнемі алдынан шыға беретін болды.

Ел бойынша жүріп өткен жер митингілерінің өз себептері бар. Базарнаев өз адамдары арқылы ауыл шаруашылығы жерлерінің бір бөлігін Шүршітияға бергісі келді. Осының алдында ол инвесторлармен болған жиналыста кездейсоқ айтып қалғандай болып шүршіттер бір миллион га жер сұрап отырғанын айтты. Бұл дайындық еді, осыдан кейін ауыл шаруашылығы министрлігі басшылары БАҚ арқылы соя мен рапс егу керек деген әңгімені бастады. Қаулы дайындалып соя мен рапс өсіретін бірлескен қызық-шүршіт өнекәсіп орнын құру басталатын болды. Үкіметте біреу осы хабарды таратып жіберді де халық толқуынан қорыққан үкіметке мұны қоя тұруға тура келді. Бес жылдан кейін шетелдіктерге ауыл шаруашылығы жерлерін арендаға беру тақырыбына қайта ораламыз деп шешті. Бұл жолы ауыл шаруашылығы жерлерін сату туралы қаулы дайындалатын болды. Бұған қарсы халық жаппай көшелерге шығып митингілер басталды, тағы да жағдай бақылаудан шығып кете жаздады. Базарнаев сөз сөйлеп үкімет шешіміне 5 жылға мораторий жариялауына тура келді. Осы оймен ол ұйқысынан оянды.

11-тарау

Будинмен қиын әңгіме. Қазанияға бару және Шайми Бұлғаровпен әңгіме. Билік транзитіне дайындық. Көсемнің ерекше рөлін Конституцияда бекіту. Бастық үшін бәрі дайын.

Сочинскіде Будинмен қиын әңгіме болды. Будин Траппен келіссөздерден жақсы хабардар екен. Қысқа әңгімеден кейін ол ультимативті түрде Базарнаевтың Қызықстан президенті постынан кетуін талап етті. Базарнаев Будиннің қолында оған ел байлығын тегін үлестіріп жатқаны туралы көптеген компромат бар екендігін білетін. Қызықстанның тұңғыш президенті және Ұлт көсемі мен ештеңе білмей қалдым, сыртқы істер және қорғаныс министрлері мені Юнайтедпен келісімге қол қоюға көндірді деп ақталды. Ол солайша стрелканы өзінен басқаға аударуға тырысты. Кейін оларды жұмыстан шығарып, біреуін елші етіп бір еуропа еліне жіберді, ал қорғаныс министрін құрбандыққа шалып, әскери офицерді армиядан қуып шықты. Бір айдан кейін Эрефияда футболдан әлемдік чемпионат өтіп, Будин оның ашылуына одақтастарының мемлекет басшыларын шақырады. Шақыруды Базарнаев та алды. Чемпионатты ашқаннан кейін Будин Базарнаевты өзіне шақырып қысқа ғана: «Қазанияға барыңыз, онда Шайми Бұлғаров қалай кетуіңіздің мән-жайын түсіндіреді» дейді. Кейін барлығы да неге аяқ астынан Базарнаев Қазанияға ұшып кетті деп таң қалып жүрді.

Бұлғаров Базарнаевты жылы қабылдады, қысқа әңгімеден кейін ол: «Сұлтан, мен саған туыс інім ретінде айтайын, біздің халықтарымыз тумалас, біздің ортақ нәрсеміз көп. Маған Будин бәрін айтты. Дұрысы сен өзің кеткенің жөн. Ұзақ отыруға болмайды, өзің білесің, Леонид Бровастыйдың ұзақ отырғаны ССРО-ны неге әкелгенін. Міне мен де зейнеткермін, бәрін ізбасарыма тапсырдым, бірақ билік қолымда. Жалпы, Сұлтан, сен түсінген шығарсың?» — деді. Сұлтан түсінді.

Елге келісімен ол бұдан жарты жыл бұрын дайын тұрған «Ізбасар» жоспарын орындауға кірісті. Схема түрінде ол былай еді: Базарнаев кетеді де билікті Сенат төрағасы Кемеловке береді. Сенат төрағасы болып Дарья отырады. Кемелов мерзімі аяқталмастан аяқ астынан пайда болған денсаулығының проблемасын сылтауратып доғарыс сұрайды. Конституцияға сәйкес оны екінші тұлға алмастырады, яғни Сенат төрағасы Дарья келеді. Белгілі бір уақыт өте келе билік оның үлкен ұлы Бастыққа ауысады. Желтоқсанның соңында ол өзін Қазына қорының төрағасы етіп тағайындаған Жарлыққа қол қояды. Бұл қор барлық ұлттық компанияларды біріктіретін қор болатын және елдің бүкіл қаржысы осында-тын. Базарнаев бұл қорды заңды өзінікі деп есептеді. Бір депутат Баха Камелкина Конституциядағы Базарнаевтың ерекше рөлі туралы ұсыныс жасауға тапсмырма алды. Жоспарланғандай, бұл ұсынысты парламенттің барлық депутаттары бірауыздан қолдады. Сөйтіп Конституцияда Ұлт көсемінің бұлжымайтын принципі бекітілді. Өз миссиясын орындаған Камелкина отанына сұранып онда оны облыс басшысының орынбасары етіп тағайындады. Тағы бір маңызды мәселені шешу керек еді – оның соңғы тұрағы қайда болады? Алдымен оған Есілградта пантеон салу ұсынылды. Оған сіз қаланы салдыңыз, енді әрқашан да қаламен бірге болуыңыз керек және сізбен бірге болғандар да болсын десті. Пантеон салынды, бірақ біраз уақыт өткенде пантеонның қатал қысты көтере алмайтыны, уақыт өте келе құлап бастайтыны белгілі болды. Мавзолейді оңтүстікте, ескі қала Алашқалада салуға шешім алынды, онда қызық хандары мен басқа да белгілі тұлғалар жерленген болатын. Өзі туып-өскен Тамолған да қосымша вариант ретінде есепте болды.

Көктемге қарай бәрі де дайын еді. Өзінің доғарысы туралы жарияламас бұрын Базарнаев Эмират корольдігіне бір-екі күнге барып келіп қажетті құжаттарға қол қояды, қаржылық істері туралы соңғы нұсқауларын береді. Х күніне бір күн қалғанда өз жақындарымен жиналыс өткізеді. Онда Сим Каримов та болды. Сим Каримовке билік транзиті кезінде басты рөл ойнау жүктелгелі тұрған еді. Біраз уақыт өте келе Кемеловты ауыстыратын Дарья қатынасты. Билікті Бастыққа беруді қамтамасыз етуге тиісті Базарнаевтың туыстары мен жиендері болды.

Міне, сол күн келіп жетті. Базарнаев өзінің президенттік посттан кететінін мәлімдеді және президент міндетін Сенат Төрағасы Кемелов атқарады деді. Көптеген адамдар үшін бұл күтпеген жағдай болды. Конструктивті оппозиция басшысы рөлін орындап жүрген Зат Берашев көз жасын ірке алмады. Ол шын көңілімен жылады. Жыламай қайтсін, оны адам қылған Базарнаев еді. Бұрын Сартстанда тұрды, Қызықстанға азиоптармен бірге келді. Келген бойда ұлтын өзгертіп өзіне жаңа туу туралы куәлік жасатып алды. Кейін оны Базарнаевтың президент әкімшілігіне ауыстырады, одан ол Машевич структурасына кетеді. Базарнаевтың нұсқауымен онда ол жаңа партия құрады. Зат өз міндетін жақсы атқарды, қажетті сәттерде керек адамдай болып көріне білді. Зат Берашев сияқтылар ішкі саяси проблемаларды реттеп отыру үшін әрқашанда керек болатын. Ол өзін бір жағынан билікке қарсы адам сияқты, бірақ әрқашан да билік жағындағы саясаткер етіп көрсете білді. Ол да, Ермух Иртышов та өткір саяси тақырыптарды көп сөзге айналдырып, халықтың назарын басқа жаққа аударуға шеберлігімен саяси күштердің бірігуіне мүмкіндік бермей келді.

12-тарау

Жаңа президент сайлау. Базарнаев басқару тетігін сақтап қалады. Дарья президент болуға асықты. Алғашқы әрекеттің сәті түспеді. Премьерлік арқылы екінші рет ұмтылыс. Базарнаевты Санкт-Невобургқа шақыру. Будиннің соңғы сөзі.

Жазда елде президент сайлауы өтіп Кемелов ресми президент болып сайланды. Базарнаевтың қызы Дарья Сенат төрағасы болды. Есілград қайта Сұлтанқала атанды, ал бір жылдан кейін қайта аталған қала орталығында Базарнаевқа ескерткіш орнатылды. Жаңа президент тұсында елді басқару құралдары мен механизмдері бұрынғыша Базарнаевтың қолында болды. Базарнаев өзін-өзі қауіпсіздік бойынша Мемлекеттік кеңесінің мәңгі төрағасы етір тағайындады да оған президент, премьер-министр бастаған үкімет мүшелері, парламенттің екі палатасының төрағалары және барлық күштік құрылымдар басшылары енді. Сөйтіп Қызықстанда қос билік – қазіргі президентпен қатар оның үстінен қарайтын бұрынғы президент пайда болды. Базарнаев үшін ештеңе де өзгерген жоқ, ол бұрынғыша Мем. Кеңестің жиналыстарын өткізіп, тапсырмалар беріп, министрлер мен облыс басшыларының баяндамаларын тыңдап отырды. Сондай-ақ ол «Сұлтан-Отан» партиясының басшысы болып қала берді және оның қолында аймақтардағы бүкіл билік вертикалі болды, өйткені облыс, аудан басшылары басқару партиясының жергілікті филиалдарын да қоса басқаратын.

Іс жүзінде түсініксіз жағдай қалыптасты. Бір жағынан билік президент Кемеловтың қолында еді, бірақ елді бұрынғыша Базарнаев басқарды. Бұл мемлекеттік органдардың жұмысын қожыратты. Олар кімнің тапсырмасын орындауды білмеді: президент Кемеловтің бе әлде Базарнаевтың ба? Бұл жағдай Будинді тынышсыздандыра бастады, ол үшін Қызықстандағы тұрақтылық өте маңызды еді. Одан эмиссарлар келіп Базарнаевқа Кемеловке кедергі келтірмеуге берген уәдесін орындауды айтып жатты. Базарнаев уәде береді де бірақ әрі қарай өз ісін жалғастыра берді. Кемеловтың айналасына жиналған өз адамдары жаңа президенттің әрбір басқан қадамын баяндап отырды. Базарнаев Кемелов өзінің жанынан реформа бойынша аналитикалық орталық ашқысы келгенін білгенде ол оған сәлемдеме жолдап мұнысын тоқтатуын, Қызықстан халқы демократияға дайын емес деп салды.

Бір жағынан Сенат төрағасы Дарья асыға бастады, ол Кемеловты президент постынан кетіруді Базарнаевтан талап ете бастады. Бұл кезде әлемде барлық континентті қамтыған пандемия басталды. Көптеген елдер карантин жариялап, қатаң шектеулер енгізе бастады. Бұдан Қызықстан да тыс қалмады, жаңа жағдай тез арада бүкіл биліктің бір қолда болғанын талап етті. Кемеловке өзіне қосымша өкілеттіктер алуға тура келді. Дарья мен оның заңгерлері бұдан конституцияның бұзылғанын көріп Конституциялық Кеңеске түсініктеме сұрап сұрау салды. Олар Кемеловты заңсыз билігін асырды деп айыптап, оны Базарнаевтың бақылауындағы Конституциялық Кеңес арқылы импичмент мәселесін көтергісі келді. Тағы да Будиннен телефон соғылып Базарнаевқа қызын тыныштандыру сұралды. Бір күнен соң ешкім күтпеген жерден Дарья Сенат төрағасы постын тастап кетті. Бұл Базарнаевтың жоспарына мықты соққы болды да «Бастық» операциясы су түбіне кетуге сәл қалып тұрды.

Алайда Базарнаев ешқашан да салы суға кетіп көрмеген, сондықтан да енді елді басқару формасын президенттік формадан парламенттік формаға өткізу керек деп шешті, мұнда Бас лауазым иесі премьер-министр болуы керек-тін. Сөйтіп ол Дарьяны премьер-министр қылғысы келді де оған барлық президенттік өкілеттікті бергісі келді. Мұндай жағдайда Кемелов таза протокольдық фигураға айналар еді де өкілдік функцияларын атқарып қана отырар еді.

Парламенттік сайлау жақындап келе жатты да оған шындап дайындық басталды. Алдымен барлық бар партиялар тазартылып, оларға тексерілген, билікке сенімді адамдардан алдын-ала сайлауалды тізім құрастыру тапсырылды. Құпия қоғамдық пікірді білулер мен арнайы органдардың баяндамалары халықта қарсылық градусы күшті екендігі, олардың барлығы да жалғыз ғана оппозициялық болып есептелетін социал-демократиялық партияға дауыс бергелі отырғанын жеткізді. Қорқыта отырып бұл оппозициялық партияның басшылығын сайлаудан жария түрде бас тартуға мәжбүрледі. «Сұлтан-Отан» партиясының тізімінде бірінші нөмірмен Дарья тұрды, яғни болашақ премьер-министр деген сөз. Конструктивті оппозиция-мыс партияның басшысы Зат Берашев сайлау алдында өз партиясы парламентке өткеннен кейін бірден Қызықстанды президенттік басқарудан парламенттік басқаруға өзгертетіні туралы ұсыныс жасайтынын мәлімдеді.

Енді бәрі дайын болып еді, тағы да Будин араласты. Ол звондап мұндай қулықтарың өтпейді, Қызықстанды оның отбасы басқарады дегенді Базарнаев ұмытсын деді. Бұл оның барлық ойлары мен жоспарлары быт-шыт болды деген сөз еді. Оның барлық өмірі босқа кеткендей болды. Оның үстіне Кемелов елде реформа жүргізу керектігін анық ескертті. Бірақ Базарнаев ешқашан берілмейтін, қанша уақыт болса да ұзақ күтіп қалайда өз мақсатына жетпей қоймайтын адамдардың сортынан еді. Ұлт көсемі барлығы да Эрефияға тіреліп қалған жоқ, Қызықстанның басқа да нағыз достары бар, тілі де, мәдениеті де жақын еуразия елдері бар дегенді Будинге көрсеткісі келді. Ол Будинге ерегісіп, Алашқалада осындай елдердің саммитін ұйымдастыру жоспарын жасап жүрді. Жоспар бойынша жоғарғы дәрежелі қонақтар оның ескерткіші ашылу салтанатына қатысуы керек болатын, алайда саммит видео-конференция режимінде өтті. Соңғы сәтте басты қонақ – Жұмхұриет президенті Тайып кездесуден бас тартып келмей қалды. Сәйкесінше басқа да қонақтар келмеді. Базарнаевтың Будинге көрсетпек қыры далада қалды. Осыдан кейін ол соңғы түйін – йығын қомдай бастаған Кемеловты орнынан күшпен ығыстыруға кірісті.

Кемеловты орнынан ығыстырудың құпиы жоспары жасалады. Барлық маңызды орындарда оның адамдары отырды, сондықтан да ұйымдастыру, орындауда проблема болмауы тиіс. Ығыстыру алдағы жылдың көктеміне жоспарланды. Ол үшін алдымен халықтың қарсылығын күшейту керек, бағаның өсуі бұған іздегенге сұрағандай болды.

Күтпеген жерден оны Будин Санкт-Новобургқа, Еуразия қауымдастығының жиналысына шақырды. Бәрі әдеттегідей жүріп жатты, кезекші сөздер, кезекші проблемалар. Барлығы аяқталған кезде оған Будин мен Белкартопия басшысы Лука Григорич жанына келді. Базарнаев кеткісі келген, алайда Будин оған қала тұруды сұрады. Сосын Будин қатаң түрде, әрбір сөзін шегелей отырып былай деді: «Сіз сайланған Қызықстан президентіне кедергі жасауды қоймай жүрсіз. Тоқтатыңыз. Тоқтатпасаңыз сіздің барлық лас істеріңіз жарыққа шығады. Билікті отбасы мүшелерінің біріне беру туралы жоспарыңызды ұмытыңыз. Одан да мемуармен айналысыңыз. Бұл менің соңғы сөзім». Базарнаев үнсіз тыңдады да еріксіз «Жақсы» дегенді аузынан сүйреп шығарды. Кейін Санкт-Невобургтан жеткен видеоны, Григоричтің аяғын әзер басып келе жатқан Базарнаевты қолтықтап әкеле жатқан кадрын барлығы көрді. Невобургқа дейін Базарнаев өз каналдары арқылы Будиннің Қызықстанға қатысты басқа да алысқа кететін жоспарлары барын, Кемеловтың орнына кандидат қарастырылып жатқанын білді. Бұл кандидат та Базарнаевтың айналасынан, алайда ол шын қауіпті кандидат еді. Ол тіпті өзінің бұрынғы, қазіргі оппоненттерінен де бәрін қоса алғанда қауіптірек. Базарнаев өзінің мұрасымен күрес деген сылтаумен ең алдымен өз пайдасына Базарнаевтың банктегі шоттарын, өмір бойы жинағандарын жекешелендіріп алатынын сезді. Тез қимылдап алдын-ала шаралар алмаса, бір классик «кешігу өліммен тең дегендей» деп айтқандай, болмайтын болды. Елге келісімен Базарнаев тез штабын жинады да Қызықстан тарихында алғаш рет қатты сілкініс алдында тұрды.

13-тарау

Құлап жатқан ескерткіштер мен Қамажай. «Бастық» жоспарының күйреуі. Ұлт көсемінің шын бейнесі. Базарнаев елден тонаған байлығын сақтап қалуға тырысуда.

Соңғы кездері Базарнаевтан тағы да құлап жатқан ескерткіштер елесі кетпей қойды. Көзін жұмса болды, ескерткіштері жапырлап құлай бастайды және ол халық әні Қамажаймен кезектеседі: «Басында Қамажайдың бір тал үкі айрылып….. Ахау хайлилайым, лилилайым». Ол бірден оянып кетіп, өзін әбден тойдырған әннен құтылуға тырысады.

Жаңа Жылдан кейінгі алғашқы күндердің бірінде әрект етуге сигнал берілді. Энергетика министрлігі газ бағасын күрт көтерген газ сатудың жаңа схемасын енгізді. Бұл кездейсоқ шешім емес, әбден ойластырылған, елдегі жағдайды тұрақсыздандырудың жоспары еді. Қарсылық алдымен батыста басталып, артынан бүкіл елді қамтыды. Билік органдары мен полиция учаскелеріне шабуылдар басталды. Қүштік құрылымдармен қақтығыстар орын алған, әуежайды басып алған Аламуту оқиғалардың эпицентріне айналды. Қорғаныс министрлігіндегі Базарнаевтың адамдары ештеңеге араласпауға нұсқау алды. Сәйкесінше бұйрықты әскери бөлімшелердің командирлері де алды. Аймақтарда қауіпсіздік департаменттері мен полиция басқармалары күтпеген жерден жұмыстарын тоқтатты, кейбір жерлерде олар қару сақталатын бөлмелерді ашып тастап кетті. Бұл тәртіпсіздіктің барлығы да қауіпсіздік комитетінің басшысы Сим Каримов пен оның орынбасарларының тікелей ұйымдастыруымен жүзеге асты. Олар Базарнаевқа шын берілген адамдар еді. Каримов қашанда мен Базарнаевтың сенімді көмекшісімін және солай болып қала беремін дейтін. Оның бірінші орынбасары Базарнаевтың туысқаны еді, басқа орынбасарлары да өз мансабының басында Базарнаевтың жеке күзеті болып жасағандар болатын. Нағыз арсыздық мынада – көтерілісшілер де, оларға қарсы күресіп жүрген күштік құрылымдар да Базарнаевтың адамдары еді. Алғашқысы да, соңғысы да бұйрықты бір орталықтан алып отырды. Бұл оқиға тарихқа Қанды Қаңтар оқиғасы болып енді, екіжүзден астам адам өлді, одан да көбі тұтқындалып қатал азапталды. Каримов және Базарнаевтың тағы бір жұмсаған адамы Кемеловтың кабинетіне кіріп оған көшеде 20 мың терроршы жүргенін, олар Кемеловтан жұмысты ақсатқаны үшін кетуін талап ететінін, оның халыққа үндеу арнап Конституцияда көрсетілген кепілдікті қамтамасыз ете алмағандықтан жұмыстан өз еркімен кетуін жариялауды ұсынады. Жоспар бойынша Кемеловтың мәлімдемесінен соң саяси аренаға тұңғыш президент, Ұлт көсемі Базарнаев шығып, елді хаостан құтқарушы ретінде барлық билікті өз қолына алып күштік құрылымдарға қажетті тапсырмалар мен нұсқаулар бере бастауы тиіс. Армия қала көшелеріне шығып маңызды объектілерді қорғауға ала бастауы керек-тін, ал қауіпсіздік комитетінің арнайы жасағы жасанды терроршыларды ұстап, полиция көшелерде тәртіп орната бастауы тиіс болатын.

Бірақ Базарнаев Кемеловты жете бағаламапты. Кемелов Базарнаевтың жіберген эмиссарларын қуып шығып өзіне сенімді бағыныштыларымен бірге елде конституциялық тәртіп орнатуға кірісті. Заговоршылар олардың барлық әңгімелері тыңдалып отырғанын, Будин Кемеловке әскери көмек беруге уәде бергенін білмейтін еді.

Базарнаев өзінің құпия резиденциясында отырып Каримовтан сигнал күтті. Барлығы дайын болды, сөз сөйлеу мәтіні жазылған, телевизоршылар аппаратураларын жөнге келтірген, тек қана өзінің бұрынғы кабинетіне оралып суфлермен дайын сөзді оқып беру ғана қалып тұрған. Қатты ойдан нервісі шыдамай ол қалғып кетті, тағы да бір жақтан Қамажай сазы естіліп: «Басында Қамажайдың бір тал үкі айрылып….. Ахау хайлилайым, лилилайым», тағы да ескерткіштері құлай бастады. Базарнаев бұл түсім шығар деп оянып кетті де көзін ашты. Бұл түсі емес еді. Телевизорда оның ескерткішін лақтырып тастап адамдар қуанғаннан оның жансыз бейнесін тепкілеп жатқанын көрсетіп жатыр екен. Аламутудағы өз атындағы даңғылда оның фамилиясы жазылған тақтайшаны жұлып алып тастап жатты. Барлық телеканалдар Кемеловтың сұрауымен ресейлік десантшылардың Қызықстанға кетіп жатқанын көрсетті. Әскерді басқа мемлекеттер де жіберіп жатты. Базарнаев бәрін түсінді.

Бұл оның билікті Бастыққа беру жоспарының күл-талқан болғаны ғана емес, оның өмірінің бір сәтте күл-талқаны шыққаны еді. Бұл оның Тамолғаннан бастап Ұлт көсеміне дейінгі биліктің ұшар басына шыққан ұзақ жолының күйреуі еді. Бірақ бұл оның бүкіл ғұмырындағы әрекеттерінің өзіне лайықты заңды қорытындысы болатын.

Ол барлық уақытта екіжүзді өмір кешті. Айтқаны бір бөлек, бірақ істеген ісі керісінше болатын. Жеке мүддесін үнемі мемлекет мүддесінен жоғары қойды. Оның бүкіл өмірі өтірік пен жалғандыққа құрылған еді. Шойынтаудағы өмірбаяны да өтіріктен басталды, кейін онысы өзіне нормаға айналып кетті. Уақыт өте келе қолдан жасалған өмірбаянына өзі де сенетін болды. Сатып кету ол үшін нормаға айналды.Жеке бас мүддесі үшін ол достары мен қамқоршыларын қымсынбай сатып отырды. Өзін биліктің шыңына жеткізген Қашағаевтан бастап кешегі сенімді көмекшісі, Қаңтар оқиғасы бойынша басты айыпталушы Сим Каримовке дейін сатты. Өз мақсаты үшін неден болса да тайынбады. Жолында тұрғандардың барлығын да аяусыз жойды. Қанды Қаңтар, Жаңакөл мен Аламутудағы желтоқсан оқиғалары құрбандарының обалы соның мойнында. Бүкіл елді, оның байлығын жекешелендіріп алды да өз отбасына таратып берді. Конституцияны үнемі өз пайдасына қайта жазып отырды. Заңды белінен басып үнемі өзі бұзып отырды, мәселені түсінік бойынша шешті. Тарихты қайта жазып, өзін алғашқы және жалғыз түйір мемлекет құрушы деп жариялады. Оған әлемдік даңқ керек болды, сол үшін үнемі глобальды ұсыныстар жасап отырды. Мемлекеттік қазынаны босқа, бюджетке салмақ салатын жобаларға шашты. Оның басқаруынан кейін табиғи ресурсқа бай мемлекет қарызға белшеден батты. Оның кезінде жоғары түсім беретін кенорындары шетелдіктердің қолында қалды. Үнемі халық демократияға дайын емес дейтін. Өзін елді басқаруға жоғарғы күштер қолап отыр деп сенді. Өзіне қарамай елді моральға үйретті. Ол кездейсоқ биліктің шыңына жеткен нағыз шебер және талантты интриган еді.

Міне, 30 жыл Қызықстанды басқарған Ұлт көсемі Базарнаев Сұлтан Қабышұлының шын портреті. Бір-екі апта өтісімен ол кеше ғана оөіне дифирамб айтып, адалдық жөнінде ант беріп жатқандар өзін қалай сатып жатқанын көрді. Ызаланып, өзіне бекер жақындатқанына өкінеді, алайда оның өзі де сондай болғанын жақсы біледі. Осындай фиаскодан кейін де ол алысты көздейдін жоспар құруын қоймайды. Алдымен ол бір кездегі кинодағы Остап Бендер сияқты тығып қойған ақшаларын жаңа биліктің қолына түсіргісі келмейді. Оның ендігі басты мақсаты – тонағандарын сақтап балаларына мұраға беріп кету. Оның қолында өзін биліктен кетіргеннен кейін келгендерге қысым жасау тетіктері бар. Бұл олардың құпия құжаттары, жасырын шоттары, үлестері, шетелдегі жылжымайтын мүліктері, басқа да компромат видеолары. Базарнаев олармен қалай жұмыс істеу керектігін жақсы біледі және оларын керек уақытқа деп тығып қойған. Ондай сәт келетіндігіне ол күмәнданбайды да. Ол өзі өсіріп тәрбиелеген кадрлар барлық мемлекеттік структураларда, жоғарғы посттарда отыр, олардың қаржылық мүмкіндіктері жоғары. Қызықстан халқы мұның бәрінен хабарсыз, олар Базарнаев мұрасы әлі де ұзақ уақыт олардың қанын ішетінін сезбейді де. Базарнаевтың бір арманы дәл орындалды – оның аты Қызықстанмен қашанда тығыз байланысты болып қала береді. Бұл жазылғандар гротеск. Барлық оқиғалар мен геройларды автордың өзі ойлап тапқан. Барлық жазылғандар автордың қиялы. Сәйкес келетін аттар, оқиғалар, мерзімі кездейсоқтық.

Автор: Дәуітбаев Рыскелді.

Аударған Қ.Е.