ALASHORDA логотипі ALASHORDA.KZ ақпараттық агенттігі
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Денсаулық
  • Экономика
RU ALASHORDA TV
ALASHORDA логотипі ALASHORDA Мәзір
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Байланыс WhatsApp
  • ALASHORDA TV
Русская версия ALASHORDA TV Байланыс
ALASHORDA
Сайттан іздеу
Саясат

Қазақстанда республикалық маңызы бар 4,7 мың шақырым жол салынады

Alashorda 27 қаңтар, 2025
Қазақстанда республикалық маңызы бар 4,7 мың шақырым жол салынады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Көлік-логистика секторын дамыту – стратегиялық мәні айрықша басымдық. Еліміз Еуразия құрлығының дәл ортасында орналасқан. Бұл – бізге әлемдік бәсекеде зор мүмкіндік беретін артықшылық. Біз кейінгі ұрпаққа жоғары сапалы авто және теміржолдарды қалдыруымыз керек» – деген болатын.

2024 жылы құрылыс, қайта жаңарту және жөндеу жұмыстарының жалпы көлемі 12 мың шақырым жолды құрады. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Жол құрылысы маусымында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қайта жаңғырту және жөндеу жобаларына 25 мыңнан астам адам мен 10 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.

7 мың шақырым жолдың құрылысыаяқталды. Атап айтқанда, Қарағанды – Алматы, Талдықорған – Өскемен, Ақтөбе – Қандыағаш және Атырау – Астрахан күре жолдарындақұрылыс жұмысы бітті. Жобаларды іске асыру көліктердің қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге, жол жүру уақытын едәуір қысқартуға, жолдың өткізу қабілетін арттыруға, ел аймақтары арасындағы көлік байланысын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік берді.

Әкімдіктер жергілікті маңызы бар 3,6 мың шақырымнан астам жолды пайдалануға берді. Жөндеу жұмыстарының ең көп көлемі Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Павлодар облыстарында орындалды. Қостанай облысында 655 шақырым жол, Солтүстік Қазақстан облысында 611 шақырым, Шығыс Қазақстан облысында 305 шақырым, Ақтөбе облысында 301 шақырым, Павлодар облысында 272 шақырым жұмыстары аяқталды.

Жол-құрылыс маусымына 200-ден астам отандық компания қатысты. Жол-құрылысына пайдаланылған материалдардың ішінде отандық өнімнің үлесі шамамен 96%-ды құрады. Жүргізілген жұмыстардың арқасында жергілікті жолдардың нормативтік жағдайы ұлғайып, республика бойынша орта есеппен 89%-ға жетті. Салыстырамалы түрде 2019 жылы бұл көрсеткіш 68% құраған.

Үш ірі инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылды. Олардың қатарында Орталық Азиядағы ең ұзын деп танылған  Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір, Түркістан облысындағы Шақпақ баба асуындағы қос жолды тоннел жәнеАлматы облысындағы Шамалған станциясындағы теміржол өткелі бар.

Әр нысанның өз артықшылығы бар. Шығыс Қазақстан облысындағы жалпы ұзындығы 1316 метрді құрайтын Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір жеті ауданды байланыстырады. Көпірді көлікпен өту уақыты 4 минутты құрайды.Түркістан облысындағы жалпы ұзындығы 840 метр құрайтын Шақпақ баба асуы арқылы тоннел қолайсыз ауа райына қарамастан үздіксіз әрі қауіпсіз көлік қозғалысын қамтамасыз етеді. Жоба «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің бір бөлігі. Алматы облысындағы Шамалған станциясындағы өткелдің ұзындығы 6 шақырымды құрайды,  теміржол өткелі көліктердіңқауіпсіз өтуіне мүмкіндік береді.

2024 жылғы құрылыс маусымының қорытындысы бойынша Балқаш, Алакөл, Бөкей-Орда, Алтай, Баянауыл ұлттық паркі және т.б. туристік орындарға дейін көлік қозғалысыашылды.

Қазақстанда жалпы ұзындығы 1100 шақырымқұрайтын үш ірі темір жол құрылысы жүзеге асырылуда: «Достық – Мойынты», «Алматы айналма темір жолы» және «Дарбаза – Мақтаарал» бар. Жобаларды жүзеге асыру қазақстандық өнімнің үздіксіз экспорттыкеңейтуге мүмкіндік беріп, елдің транзиттік әлеуетін арттырады. Биыл Достықтан Мойынтыға дейін теміржолдың құрылысы аяқталады. Учаскенің өткізу қабілеті 5 есе артады. Сонымен қатар, биыл Алматыны айналып өтуге мүмкіндік беретін темір жолдың құрылысы аяқталады. Бұл аймақтағы теміржол желілеріне түсетін жүктемені азайтуға ықпал етеді. «Дарбаза-Мақтаарал» жобасы Оңтүстік Қазақстан өңірін халықаралық транзиттік дәліздерге жалғайтын болады.

2024 жылы 1400 шақырым теміржол жөнделіп, 143 вагон  сатып алынды.
Бүгінгі таңда осы темір жол жобаларын салу шеңберінде шамамен 2,7 мың жұмыс орны ашылып, 1,4 мыңнан астам техникажұмылдырылды. Теміржол желісін салу және қайта құру ел экономикасының дамуына серпін береді.

Жалпы ұзындығы 4,7 мың шақырымды құрайтын жаңа жол жобалар кезең-кезеңімен іске асырылады. Оның 3,7 мың шақырымы I санатты, ал қалған 1 мың шақырым II санатты жолдар болады. 2025 жылы құрылысы басталатын жобалар:

• «Ақтөбе – Ұлғайсын» (234 шақырым),
• «Қарағанды – Жезқазған» (572 шақырым),
• «Сарыағаш қаласының айналма жолы» (102 шақырым),
• «Қызылорда қаласының айналма жолы» (20 шақырым),
• «Атырау – Доссор» (86 шақырым),
• «Рудный қаласының айналма жолы» (16,9 шақырым),
• «Жаңаөзен – Кендірлі» (156 шақырым),
• «Петропавл қаласының айналма жолы» (8 шақырым).
Бұл бастамаларды жүзеге асыру арқылы жергілікті бизнес пен кәсіпорындар дамиды. 2025 жылы жаңа жол жобаларын іске асыру аясында 31 мың жұмыс орны ашылып, қосымша инвестиция тартылады. Көпжолақты жолдар жол-көлік оқиғаларының алдын алып, оларды азайтуға ықпал етеді.
Теміржол және автомобиль жолдарын салу менқайта жаңарту іскерлік белсенділікті едәуір жақсартады, медициналық және білім беру мекемелеріне, азық-түлік дүкендеріне, мәдени орталықтарға және т.б. қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, азаматтардың жағдайын жақсартуға бағытталған.


Тағы оқыңыз!

Олжас Бектенов Орынбор облысының губернаторы Евгений Солнцевті қабылдады
Олжас Бектенов Орынбор облысының губернаторы Евгений Солнцевті қабылдады
Бүгін, 17:41
Өңірлерде спорт нысандарын салу жұмысы жеделдетіледі
Өңірлерде спорт нысандарын салу жұмысы жеделдетіледі
Бүгін, 17:40
Елімізде мұнай өңдеу көлемі 4,7 пайыз артты
Елімізде мұнай өңдеу көлемі 4,7 пайыз артты
Бүгін, 11:19
«Күштік құрылымдар қателік жіберген». Президенттің ҰҚК басшысын неге отставкаға жібергені белгілі болды
«Күштік құрылымдар қателік жіберген». Президенттің ҰҚК басшысын неге отставкаға жібергені белгілі болды
16 қараша, 2026
Мемлекет басшысы Палестина Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Палестина Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
16 қараша, 2026
Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасына бірқатар тапсырма берді
Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасына бірқатар тапсырма берді
14 қараша, 2026
Жаңалықтар
Бүгін, 17:41
Олжас Бектенов Орынбор облысының губернаторы Евгений Солнцевті қабылдады

Бүгін, 17:40
Өңірлерде спорт нысандарын салу жұмысы жеделдетіледі

Бүгін, 11:21
10 күн ішіндегі екінші өлім. ҚазҰУ-да тағы бір студенттің қазасы хабарланды

Бүгін, 11:19
Елімізде мұнай өңдеу көлемі 4,7 пайыз артты

16 қараша, 2026
«Күштік құрылымдар қателік жіберген». Президенттің ҰҚК басшысын неге отставкаға жібергені белгілі болды

16 қараша, 2026
ҚЫЗЫЛОРДАДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕГЕ БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

16 қараша, 2026
Мемлекет басшысы Палестина Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

14 қараша, 2026
Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасына бірқатар тапсырма берді

14 қараша, 2026
Нұрлыбек Нәлібаев отын-энергетика кешенін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

13 қараша, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан темір жолы» қызметін қатаң сынады

13 қараша, 2026
«Мемлекеттік компанияларда жемқорлық белең алған». Президент «Самұрық Қазынадағы» жайға байланысты пікір білдірді

13 қараша, 2026
Петропавлда 5,9 млрд теңгеге жаңа жедел жәрдем стансасы бой көтереді

13 қараша, 2026
Президент «Самұрық-Қазына» және «Қазақстан темір жолы» басшыларының ұсталуына байланысты Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізеді

12 қараша, 2026
Қазақстан $1,2 млрд-тың энергетикалық жобалары бойынша келісімдерге қол қойды

12 қараша, 2026
Олжас Бектенов COP31-де Қазақстанның 2 млрд ағаш егу жоспарын таныстырды

11 қараша, 2026
Петропавлда жоғалған алтыншы сынып оқушысы пеш ішінен табылды (ВИДЕО)

11 қараша, 2026
Ақмола облысында су тасқынының алдын алу жобаларына 5,5 млрд теңге бөлінді

10 қараша, 2026
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ЖҮГЕРІ КЕПТІРУ ЖӘНЕ САҚТАУ КЕШЕНІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10 қараша, 2026
Мемлекет басшысы Камбоджа Премьер-министрін құттықтады

9 қараша, 2026
Ұлттық пантеонда жерленетін тұлғалар тізімі кеңейтілді

9 қараша, 2026
Президент Азия ойындары және Азия параойындарының жүлдегерлерін марапаттады

7 қараша, 2026
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ҚЫЗЫЛОРДАДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ПЕН ТАЗАЛЫҚҚА БАҒЫТТАЛҒАН АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

7 қараша, 2026
Семейде жаңа арнайы экономикалық аймақ құрылады: Олжас Бектенов қол қойды

7 қараша, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президентін Qoja Ahmet Yasaui орденімен марапаттады

6 қараша, 2026
Түрік суретшілері қазақ әріптестерімен бірлескен көрмелер ұйымдастыруға ниетті

6 қараша, 2026
Alatau City: инвестициялық әлеуеті 2 млрд доллардан асты

6 қараша, 2026
Астанада терроризмге қарсы Ақаба процесінің саммиті өтіп жатыр

5 қараша, 2026
Бектенов Қазақстанның электр энергетикасы жобаларын қарады

5 қараша, 2026
Мемлекет басшысы Иордания Королін Al-Farabi орденімен марапаттады

5 қараша, 2026
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ТОБЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ КЕЗДЕСУЛЕРІ ЖАЛҒАСУДА

5 қараша, 2026
Жыл сайын 300-ге жуық Қазақстан студентіне білім грантын ұсынамыз – Түркия Елшісі

4 қараша, 2026
Олжас Бектенов Әсел Жанасованы министрлік ұжымына таныстырды

4 қараша, 2026
Әсел Жанасова жаңа қызметке тағайындалды

3 қараша, 2026
Отандық дәрілердің ішкі нарықтағы үлесі 42%-ға жетті

3 қараша, 2026
Тоқаев Йотованы Болгария Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады

3 қараша, 2026
АТА ЗАҢ – ӘДІЛДІК ПЕН ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМНІҢ БАСТЫ КЕПІЛІ

3 қараша, 2026
Alatau City жобасына $1,3 млрд инвестиция тарту көзделген

2 қараша, 2026
Тоқаев Qarmet жұмысына баға берді

2 қараша, 2026
Қазақстанда миллиардтаған теңгенің жобалары іске қосылды: жаңа зауыттар мен ауруханалар ашылды

2 қараша, 2026
Президент Теміртаудағы жаңартылған трамвай жүйесімен танысты

31 қазан, 2026
Жаңа бағыт Қатонқарағай мен Бұқтырмаға қатынасты жақсартады

31 қазан, 2026
Президент «Халықтық құрылыс» бағдарламасына бөлінетін қаржыны бақылайтын комиссия құруды ұсынды

30 қазан, 2026
Түркі мемлекеттері ұйымына төрағалық Түркияға өтті

30 қазан, 2026
ТМҰ-ға мүше елдер басшылары түркі әлемі өнер шеберлерінің концертін тамашалады

29 қазан, 2026
Қызылордада жаңа емхананың құрылысы қарқынды

29 қазан, 2026
Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды Республика күнімен құттықтады

28 қазан, 2026
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ТЕТІКТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

28 қазан, 2026
Биыл еліміздің жалпы ішкі өнімі 400 млрд долларға жуықтайды — Жолдау

28 қазан, 2026
Бүгінде егемендігімізді қорғауға қатысты барлық мәселе әлі толықтай шешімін тапқан жоқ — Президент

27 қазан, 2026
Сот жүйесіне абсолютті сенім деңгейі 55,2 пайыздан 69,7 пайызға дейін өскен - Асламбек Мерғалиев

ALASHORDA логотипі ALASHORDA.KZ ақпараттық агенттігі

ALASHORDA ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2025 жылғы 23 желтоқсанда қайта тіркеліп, № KZ42VPY00137595 куәлігі берілді. Алғашқы мемлекеттік тіркеуі 2019 жылғы 23 сәуірде жүргізіліп, №17720 ИА куәлігі берілген.

Меншік иесі «Әлихан» ЖК
Серіктестік үшін Жарнама бөлімі
Байланыс
Редакциямен байланыс
  • Мекен-жай: Астана қ. Нұра ауданы, Ш.Айтматов көшесі 53, І блок, 89 пәтер
  • Email: qaraotkel@gmail.com
  • WhatsApp: +7 702 915 15 14
Қосымша
Мобильдік қосымша

Сайтымыздың мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

Google Play
Яндекс.Метрика
© 2026. Alashorda.kz ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.
Басты бет Сайт туралы Құпиялылық саясаты Байланыс