Мәзір
Спорт

Мұхаммед Әлиге шамасы жеткен боксшы тек Джо Фрейзер ғана

Мұхаммед Әлиге шамасы жеткен боксшы тек Джо Фрейзер ғана
© EPA/ ISTVAN BAJZAT

Alashorda.kz ақпараттық агенттігі «Аңыз Адам» журналының қызықты материалдарымен бөлісуді бастады. Серияның алғашқы мақаласы — әлем тарихында із қалдырған аңыз боксшы Мұхаммед Әли туралы.

Азиз ЖҰМАДІЛ,

«Алаш айнасы» газетінің спорт журналисі:

Біз, негізі, Тәуелсіз Қазақстанның боксын танып өстік қой. Сөйтіп, ең бірінші тамашалаған жекпе-жектеріміз Сидней Олимпиадасының айқастары болатын.

Ермахан Ыбырайымов, Бекзат Саттарханов, Болат Жұмаділов, Мұхтархан Ділдәбеков сынды жерлестеріміздің жеңістеріне қуандық. Ал өткен ғасырдың бел ортасындағы боксшылар мен олардың жекпе-жектерін тек ғаламтор арқылы ғана білетініміз шындық.

Кассиус Клей де - сол кездің боксшысы. Футболда Пеле, бокста осы Мұхаммед Әли – әлемге әйгілі болған қара нәсілді қара нар.

Жалпы, 20 ғасырдың алғашқы онжылдығында дейін бокста жекпе-жектің жеңімпазын көрермендер анықтаған деседі.

Айқын бір ережесі болмапты. Тек 1910 жылы әлемде алғашқы дүниежүзілік бокс қауымдастығы құрылған соң ғана жағдай бір ретке келе бастаған.

Тарихтан білеміз, ол кезде көшбасшылық негізінен Ұлыбритания, АҚШ секіоді елдердің боксшыларының қолында болды. Әсіресе ауыр салмақтарда. Мәселен, сол 19 ғасырдың соңында атой салған Джон Салливан, Подди Райана, Джеймс Корбетт, Боб Фитцсиммонс, Джек Джонсон, Джек Рум, Марвин Харм сынды саңлақтарды бокс жанкүйерлерінің білгірлері әлі күнге дейін еске алады.

Рас, бірақ ол кездегі жұдырықтасу өнері мен қазіргі бокстың айырмашылығы жер мен көктей болғандықтан, бұрынғы саңлақтарды бүгінгілермен салыстыру әбестік болар.

Десек те, бокс әлемінде АҚШ біраз жылдай үстемдік құрды. Тіпті, бокс алғаш рет Олимпиада бағдарламасына 1912 жылы қосылды дейтін болсақ, алғашқы кездері еншілеріне біраз алтынды салып алды.

Соның арқасында АҚШ боксшылары бүгінде Олимпиада ойындарында ең көп алтын алған елдердің көшін бастап тұр. Ал өткен ғасырдағы 50-80 жылдар боксын, шынымен де, Мұхаммед Әлидің дәуірі десек те болады.

Алдымен 1960 жылы Рим Олимпиадасында қарсылас шақ келтірмей, алтын медальмен апталса, артынша қарсыластарын кәсіпқой бокста қоғадай жапырды.

Алғашқы жылдары азан шақырып қойған аты Кассиус Клей ретінде өнер көрсетіп жүргенімен, кейін Мұхаммед Әли болып өзгерді. Иә, мұсылман қауымы әлем боксшысының бұл бастамасын қуана қабылдағанымен, өзге әлем түсінбей, тіпті теріс айналып кеткендері де табылған.

 Алайда, уақыт өте келе барлығы да Мұхаммед Әлиді мойындап, шаршы алаңдағы мықтылығын да құрметтейтін болды. Осыдан кейін оның өзінің де дүниетанымы өзгеріп, барлық іске байыппен қарайтын болды. Жалпы, өткен ғасырдағы 1960-80 жылдар боксын толығымен Мұхаммед Әлидің дәуірі десе болады. Ал 80-жылдардан кейін бокс әлемінде жаңа есімдер пайда бола бастады. Майк Тайсон, бертін келе Эвандер Холифилд, Рой Джонс, Лэннокс Льюис сынды саңлактар шықты.

Бәсекелестік бел алды. Ал бугінде әр салмақ дәрежесінде бес-алты мықты боксшыдан бар.

Осыдан 10 жылдай уақыт бұрын шетелдік белді басылымның рейтингін көріп қалдым. 2004 жыл болуы керек. Сол кезде соңғы сексен жылдыктың үздік боксшыларының тізімін түзіпті.

Әлі есімде, бірінші орыңга женіл салмақтағы Рэй Робинсонды, екінші орынга орта салмақтағы Генри Армстронгты қойыпты. Ал Мұхаммед Әли үздік үштікте. Сез жоқ, алғашқы екеуі - өте шебер боксшы. Өз заманының тарландары. Мұхаммед Әлиге дейін-ақ аты шыққан. Дегенмен, шыны керек, ез басым бірінші орынға мұсылмандықты қабылдаған Мұхаммед Әлиді қояр едім.

Жоқ, ислам дінін қабылдағанына бола емес, мен оның өнеріне тәнтімін. Ол туралы талай аңызға бергісіз әңгімелерді оқыдық.

Рас, мінезі қызба, қарсыластарын менсінбей, шаршы алаңға шықпас бұрын қарсыластарын психологиялық тұрғыда тұқыртып тастауға дейін баратын боксшы.

Дүниетанымы өзгергеннен кейінгі Мұхаммед Әлидің өмірі мүлдем бөлек болды. Былғары қолғабын сандыққа салған соң Африка, Азия елдерін аралап, ЮНЕСКО-ның ерікті елшісі болды. АКШ-тың Ирак жеріне баса-көктеп кіруіне карсы шығып, бас көтергендердің бірі болды.

2. Жалпы, Мұхаммед Әлиді бокс әлеміне үлкен өзгерістер алып келген боксшы ретінде білеміз. Оны бекерден-бекер «бокс патшасы» деп атамайды. Оғанн дейінгі бокс мәнері Әли келгелі түбегейлі өзгерді. Ол аса ауыр салмақта өнер көрсететініне қарамастан, аяғымен өте жақсы қимылдайтын. Шаршы алаңда дамыл таппайтын. Шапшаң болды. Өзін тым жеңіл сезінетін. Сонысына қарамай, нокаутер еді. Соққының канша түрі болса, сонша түрін сәтті пайдалана білетін. Көбіне құлак шекеден ұрудың шебері еді.

Сондай-ақ, жекпе-жек алдында қарсыласын тұқырту Мұхаммед Әлидің басты тактикаларының бірі болған. Мәселен, өз заманының чемпионы Джордж Форманмен жұдырықтасудың алдында, шамасы, өткен ғасырдың 70-жылдары болуы керек, «Мен Джордж Форманның өз көлеңкесімен жұдырықтасып жатканын көргенмін. Джордж жеңіліп қалды», - деп қитығына тиіпті.

Айта берсен, Әлидің, осындай психологиялық шабуылдары көп болған. Тіпті, сондай әрекеттері ушін Джо Фрейзер оны қайтыс болғанға дейін кешірмепті.

3. Мұхаммед Әли сол жұдырықтасу мәнерімен, сол жастығымен бокс әлемінде қайта пайда болса, бүгінгі бокстың кандай боларын білмеймін.

Рас, ол да жеңілген. Бірақ көбіне жасы келген шағында жығылды. Сондай-ак, әйгілі Джо Фрейзерден ұтылды. Бұл екеуінің жекпе-жегіне «ғасыр текетіресі» деген баға беріліпті.

Екеуі үш рет кездескен. Біріншісінде Фрейзер жеңіп, қалған екеуінде Әли басым түскен екен. Содан кейін Мұхаммедтің өзі

«Бокс әлемінде менен кейінгі екінші орында осы Джордж Фрейзер» деп бағалаған. Жалпы, шын мәнінде Мұхаммед Әлиге шамасы жеткен боксшы Фрейзер ғана деп ойлаймын.

4. Бұрын көптеген қатарластарым секілді Майк Тайсоннын жекпе-жектеріне тәнті болатынмын. Бүгінде кәсіпкой бокс әлемінде қазақтың Геннадий Головкиніне жетер боксшы жоқ деп ойлаймын. Одан қарсыластары бекер сескеніп жүрген жоқ,

Жақында ғана адуынды Мэттью Маклинді сабасына түсіріп, 3-раундта-ақ сұлатып тастады. Әлі талайды тамсандыратын боксшы. Ал әуесқой бокста Серік Сапиевтін жұдырықтасу мәнері ұнайтын. Рас, соққысы жойқын болмаса да, техникасы керемет.

5. Жалпы, қазақ боксы дәл қазір кайта аяғына тұрып келе жатыр. Рас, тоқырау кезеңі де болды. 2004 және 2008 жылы Олимпиада ойындары оңай болмады. Жүлдеден құр қалмасақ та, жеңіске жету қиындар кеткен еді. Өйткені, ол кездегі боксшылар шаршы алаңдағы алғашқы қадамдарын жасағанда, шыны керек, Қазакстанда жағдай жақсы болмаған-тын.

Боксқа көңіл бөлу былай тұрсын, әркім өз күнін күйттеп кеткен кез болатын. Бірақ соның барлығы артта қалды. Өткердік. Енді дарынды жаңа буын өсіп келеді.