Назарбаев Университетіне қалай түсуге болады?

Аятжан Ахметжан: Жұртта арасында «Назарбаев университеті  десе оған тек қана Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы немесе Білім инновациялық лицейінің оқушысы ғана түседі» деген түсінік бар. Қарапайым мектепте оқитын оқушылар армандап, тіпті түсінде де көрмейді.  Бірақ өзіміздің 5-6 жылдық тәжірбиемізді алатын болсам, қаншама қарапайым мектептің балалары түсіп жүр.

Жанар Елтай: Назарбаев университетіне түсу үшін Назарбаев зияткерлік мектебі немесе Білім инновациялық лицейінің оқушысы болуың керек дегенді аңыз деуге болады. Себебі, кез-келген мектепті бітірген оқушы болсын, колледжде оқитын немесе басқа да университетте оқитын талапкердің өзі Назарбаев университетіне тапсыра алады.

Ең басты талап етілетін нәрсе ағылшын тілін белгілі бір деңгейде меңгеру керек яғни оны арнайы тесттер арқылы дәлелдеу қажет. Мәселен IELTS немесе Duolingo тесті арқылы қабылдайды.  Яғни, бірінші Foundation бағдарламасына қабылдану кезінде белгілі бір деңгейде ағылшын тілі жақсы болуы қажет. Ал, екінші сұралатын нәрсе математика мен сыни ойлау болмақ. Ол бізде Foundation бағдарламасы бойынша, ал егер бірінші курсқа бірден түсемін десе онда сол түсетін мектебіне байланысты яғни ол жаратылыстануға байланысты болуы мүмкін. Физика математика немесе биология сияқты факультеттерге түсетін болса өзінің біліктілігін ағылшын тілінде тесттен өту арқылы көрсету қажет.  Бұл деген сөз тек қана ағылшын тілімен сол пәндердегі біліктілік тек қана Назарбаев зияткерлік мектебін немесе Білім инновациялық лицейін бітірген оқушыларда ғана бар деп айта алмаймыз ғой.  Яғни қарапайым кез-келген мектеп оқушылары немесе колледж студенттер дәл осы пәндерден өзінің білімін дәлелдейтін болса, онда әрине оларда да Назарбаев университетіне түсуге мүмкіндік бар.

Аятжан Ахметжан: Енді осы жерде сізге келейікші. Назарбаев университетіне түсу деген арман қашан, қалай туындады? Және қалай сенімді болдың өзіңе? Қандай мектепте оқыдың?

Диас Жантеміров: Мен Нұр-Сұлтан қаласындағы 64 мектеп-лицейінің түлегімін. Бұл арман ең алғаш 7 сыныпта пайда болды. Себебі, мен 7 сыныпта Қарағанды НИШ мектебіне қабылдандым.  НИШ-қа түсу себебім, Назарбаев университетінде әрі қарай оқуымды жалғастыру болды. Бірақ, 2 тоқсаннан кейін, мен басқа қалаға көшкен соң, қарапайым мектепке ауыстырылдым. Сосын 2-3 жыл арасында мен ол арманымды тастап кеттім деп айтуға болады.  Бірақ, QAZBILIM-нің мұғалімі және сонымен қатар 3-4 жыл бойы физика пәнінен оқытқан мұғалімім Арман ағайым менің арманымды тірілтті. Маған сенім берді. QAZBILIM центр туралы айтты. Ол жерде Назарбаев университетіне дайындайтыны туралы да айтты. Енді осы жылда дайындықты осы центрда бастадым.

Аятжан Ахметжан: Қай пән қиын болды? Әйтпесе оңай болды? Қашан бастадың? Қай айда бастадың?

Диас Жантемиров: Негізі мен қыркүйек айында ойладым. Бірақ, қыркүйек айының соңына қарай бастадым деп айтуға болады. Мен үшін қиын ол ағылшын болды. Мен оның алдында ағылшыннан қатты жақсы болдым деп айта алмаймын.  Менде база болған.

Аятжан Ахметжан: IELTS тапсырдыңыз ба? Неше алдыңыз?

Диас Жантемиров: Иә, тапсырдым. 6.0 алдым.

Аятжан Ахметжан: IELTS тан ең төменгі 6.0 алған жеткілікті иә?

Жанар Елтай: Иә

Диас Жантеміров: 2 ай кетті.

Аятжан Ахметжан: 2 ай уақыт кетті. Демек 2 айдың ішінде 6.0 ға яғни ең төменгі шекті бағындыруға болады деген сөз. Бұл тамаша иә?

Жанар Елтай: Иә, база болса, әрине болады.

Аятжан Ахметжан: Бірақ IELTS тапсырмауға да болады. Екеуінің айырмашылығын айтып беріңізші.  IELTS енді білеміз. Interpress немесе British Consule тапсыруға болады. Ол ақылы.  Бір рет тапсыру жаңылмасам 64 000₸. Ал енді ақылы тапсырмай жаңағы.

Жанар Елтай: Duolingo-ны тапсырса болады. Duolingo Foundation бағдарламасына арналған онлайн тест.  Оны қаңтардың 30-ына дейін тапсыруға болады.  Бірақ бәрібір де NUFP тесті бар.  Ол тест бойынша яғни белгілі бір белгілі бір математика мен сыни ойлау екі пәннен тапсырады. Ал одан кейін бәрібір де университет тарапынан IELTS ұйымдастарылады. Бірақ ол тегін.  Ал өзі тапсыратын болса мен мысалы DUOLINGO-ға тапсырмай менің IELTS-ым бар  деп желтоқсанның 25-і 27-сі аралығы болды ау деймін осы жылы сол аралықта егер де өзінің сертификатын өткізетін болса,  6.0 шектік баллмен онда DUOLINGO бірінші  ағылшын тілі емтиханынан босатылады.  Яғни,  бірден ол пәндер бойынша NUFP ғана тапсыруға жіберіледі.

Аятжан Ахметжан: Назарбаев университетіне түсемін деген оқушы қай уақытта бастағаны дұрыс?

Диас Жантемиров: NUFP те негізі математика жағынан білімім  осы 11 сыныпқа дейін беріп жатқан сынып жетекшім және осы центрдің мұғалімі Әсел Саянқызы . Ол мені математика жағынан қатты дамытты. Сондықтан да математика жағынан қатты проблемалар болды деп айта алмаймын.  Бірақ ағылшынша математиканы түсіну менің ойымша ол бөлек деп ойлаймын. Себебі, сен өз тіліңде ана тіліңде түсінген басқаша еркін есеп шығара аласың,  еркін ойлайсың. Басқа тілде мысалы айтады ғой языковой барьер  сол сияқты проблемалар болды басында. Бірақ Дауыл ағаймен 2-3  ай аралығында мен бұл проблемаларды шешті деп ойлаймын және математика жағынан мен де ешқандай сенімсіздік сезген жоқпын.

Аятжан Ахметжан: бұл дегеніміз математикалық база болса,  ағылшын тіліндегі математикаға дайындауға болады иә? Енді қарап отырсақ аса бір қиын талаптар жоқ .Енді Назарбаев университетіне түсемін деген оқушы қай уақытта бастағаны дұрыс ? Мысалы кез-келген баланың ағылшыннан базалық білімі болмауы мүмкін ғой. Енді өзіңіз ағылшын тілінен сабақ бердіңіз . Өзіңіз  IELTS тапсырдыңыз. Бағанағы қаншалықты деңгейде бастағаны дұрыс.

Жанар Елтай: Жаңағы ең алғашқы бастапқы деңгейіне байланысты баланың. Егер  ағылшын тілінен мүлдем білмейтін деңгейде , өте көп қиындықтар болатын болса . Онда әрине 7-8-9 сыныптардан бастап,  ең болмағанда тілді меңгере бастауы қажет.  Ең болмағанда тілдік база қалыптастыру керек. Әсіресе осы ойлаймын 8-9 сыныптарда міндетті түрде бастауы керек деп, ал егер де база болатын болса яғни мектептен болсын тағы да басқа қосымша ағылшын тілінен сәл де база болатын  болса балада,  10-11 сыныптан дайындалса жеткілікті деп ойлаймын.  Тіпті 11 сыныпта келген Диастың өзі жаңағыдай шектік баллға жетіп отыр. Демек ол база болғанына байланысты . Болмаса балардың ертерек ойланғандары дұрыс . Мысалы 9 сыныптан бастап тіпті одан да ерте

Аятжан Ахметжан: Енді жетістікке әркімнің бар таласы ғой.  11 сыныпта келіп, базалық білімі болғаннан кейін бұл жетістікке жетіп отыр . Ол енді сол оған дейін математикасынан берген Әсел апайымыздың , Арман ағайдың одан кейін берген ағылшыннан Ғазиза апайыңның математикадан берген Дауыл ағайыңның еңбегі деп айтуға болады иә? Сонымен бірге соған сәйкесіп келген баланың өз еңбегі. Яғни ата-аналарға егер Назарбаев университетіне түсемін дейтін ата-аналар болса былай айтса жеткілікті сияқты математикаңызбен ағылшыныңызды дұрыстасаңыз  . Ешқандай кедергі  жоқ. Түсуге болады . Математика мен ағылшынды дұрыстаған балада мүмкіндік бар иә?

Аятжан Ахметжан: Енді 1 курсқа не талап етеді? Енді  Foundation -ға 1 жыл уақыт жоғалтпаймын десе де , қазір түсіп жатқан балалар бар ғой

Жанар Елтай: Иә бакалавриат бағдарламасына 1-інші курсқа бірден түсу үшін бірнеше талаптар  бар. Оның ең негізгісі әрине IELTS ағылшын тілі бойынша әр жаңағы бүкіл пәндерден жаңағыдай 6.0 шектік балл және  екінші маңызды тест ол SAT . SAT тесті әлем бойынша мойындалған тест . Оны көбінесе америкалық немесе басқа да елдердің қабылдау комиссиялары әр түрлі университеттердің талап етеді.  SAT дің өзінің екі бөлігі болады. Ең біріншісі  SAT Reasoning тест деген болады.  Ол жерде енді ең бастапқы математика, сыни ойлау эссе болады. Жалпы баллы 1600. Математика мен сыни ойлаудан 800-800ден 1600. Ал эссе ол бөлек бағаланады. Сонымен сол 1600дің  ең кем дегенде 1240ын жинау керек. Бірінші турға түсу үшін,  екінші тесті бар ол SAT Subject тест пәндік.  Енді ол қандай мектепке түсетіне байланысты. Яғни, Назарбаев университетінде бірнеше мектептер бар . Ол мектептер енді жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдар,  гуманитарлық ғылымдар мектебі бар. Екіншіден медициналық мектеп бакалаврын ашып жатыр.  Тау-кен  және жер туралы ғылым мектебі осы жаңадан ашылды ол да және соңғысы инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі.  Осы мектептерге байланысты егер де инженерия және цифрлық ғылымдар мектебіне түсу үшін, онда физика мен математикадан тапсырады Subject тестті.  Оның әрқайсысы 800  баллдан одан шектік балл кем дегенде 600 балл жинау керек. Ғылымдар мектебінде  биология таңдаса , онда биология мен химиядан тапсырады . Бірақ кейбір мектептерге талап етілмейді .Мысалы  гуманитарлық тапсыратын болса онда оған биологияда химия да физик да математика да  керек емес Subject тест . Оған тек қана бірінші математика сыни ойлау және эссе жеткілікті.  Тура сол сияқты медициналық мектепте де Subject ті екінші тестті тапсырмайды  .Оған тек бірінші тесттен  1600 баллдан минимум 1240 балл жинау қажет.

Аятжан Ахметжан: Математика деген түсінікті жұртқа,  сыни ойлау туралы айтыңызшы. Сыни ойлау деген не ол?

Жанар Елтай:  сыни ойлау ол өзін екі түрлі деп бөліп қаратырсақ болады . Сыни ойлаудың кейбір  есептері математикалық ойлауға логикаға байланысты. Математикалық сауаттылық десек те болады.  Екінші бір компоненті ол енді көбінесе қалай біз ағылшын  тілінен  біз жалпы аналитикалық ойлау десек те болады яғни ақпаратты қабылдап , берілген сұрақтардың қайсы дұрыс соған байланысты . Ол ақпаратты өңдеу ол тілге де байланысты және ойлауға да байланысты  .

Аятжан Ахметжан: былай айтқанда логикаға келеді.  Тағы сұрақ туындауы мүмкін  FOUNDATIONға түскен  бала әрі қарай Назарбаев университетіне түскен болып есептеле ме? Не болады? Ол жерде стипендия беріле ме? Жатақхана беріле ме? Деген сұрақтар болуы мүмкін.

Жанар Елтай: орынды сұрақ жалпы  университетте  Foundationға түскен студенттерді студент деп атамайды. Оны осы Назарбаев университетінің Foundation біржылдық бағдарламасының тыңдаушысы деп аталады.  Олар нақты студент болмағанымен стипендия алады. Стипендиялары алдыңғы жылдары бакалаврдың стипендиясынан кішкене ғана  төмен 17 000 дай еді ол одан  өскен болуы керек 20 000ға . Себебі бакалаврда 21  000 еді ғой  . Одан 26 000 ға көтерілді енді тағы көтеріледі . Көлемі бакалавриаттан кішкене ғана төмен  . Бірақ стипендия алады  . Жатын орынмен қамтамасыз етіледі. Бүкіл жағдайлары жасалады. Тек қана ол сондай тыңдаушылар деп аталады.  Бізде университетте кейде осындай әзілдер бар  . Foundationдағыларға сендер студент емессіңдер деп  әзілмен болсын әлі деңгейге жеткен жоқсыңдар деген сияқты әлі сендерде өте асуларың бар деген сияқты кішкене  солай қарайды . Енді ол әрине шеттетушілік емес  . Ол кішкене әзіл күйінде сондай бір қалыптасқан

Аятжан Ахметжан: Foundation  ды бітіргеннен кейін келесі жылы тест тапсырады. Бағанағы SAT ма? Жоқ әлде?

Жанар Елтай: жоқ жоқ ондай емес.  Әр өзінің оқыған пәндері болады . Яғни Foundation  бағдарламасында  ағылшын тілі міндетті түрде  , математика және өзінің таңдауына байланысты әр түрлі физика жаратылыстану ғылымдары  гуманитарлық ғылымдар немесе жаңағы географияға байланысты  мысалы кейбіреулеріне  бизнес  егер сондай мектепке түсетін болса сондай бастамаларын үйретеді және сол бойынша әрбір  жарты жылдық біткен кезде бір тест алынады және одан кейін  жылдың соңында тағы бір тест алынады . Екеуінің де проценттік мөлшері бар . Шектік деңгей осынша деңгейден өткен кезде келесі жылға қабылданады. Жалпы айтар едім Foundation ға түскен оқушы егер де жеткілікті мөлшерде  күшін салатын болса 1 курсқа түсу қатты қиын емес . Белгілі бір деңгейде жақсы оқыса оп-оңай түсіп кете алады деп айта аламын.

Аятжан Ахметжан: әдемі енді , Foundation ға түстім деген Назарбаев университетіне түсіп қойдым деген сөз ғой. Толыққанды ағылшын тілінде оқиды иә  ? Тап- таза ағылшын тілінде оқиды.  Енді мынау ата-аналарға кеңес болсын деп отырмын да . Мысалы ағылшыннан математикадан негізгі талап осы ғой  Foundationға түсу үшін.  Енді балаларына 10 сыныпта жүріп IELTS қа тапсыртып  10 сыныпта IELTS тың сертификатын алып қойса, 11 сыныпта  тек қана пәндерге салмақ салса иә ? Өйткені IELTS тің сертификаты  2 жылға жарайды. Сондықтан математикаға салса кез-келген  балаға түсуге мүмкіндік бар деген сөз . Яғни IELTS қа ертерек дайындалса. Енді  IELTS үшін не керек? IELTS нені талап етеді? деген дүниені сүрағым кеп тұр.  IELTS  қалай болды сізге? IELTS қа кіріп қанша рет тапсырдыңыз?

Диас Жантемиров: 1 рет тапсырдым.

Аятжан Ахметжан: бір ақ рет тапсырып 6.0 алып отсыз.  Тамаша!

Диас Жантемиров: IELTS енді өте қорқынышты болды. Себебі мен ағылшыннан қатты қорқатынмын. IELTS қа мен түні бойы ұйықтамай дайындалып,  бірақ тестке ұйықтап қалдым.  5-10 минутқа кеш келдім. Кірген кезде енді көрдім басқалар бастады. Мен кешірек бастадым . Бірақ өзі төрт секциядан тұрады ғой listening reading writing speaking . Маған қиын болды ол writing маған эссе жазу өз ана тілімде де эссе жазу маған өте қиын себебі мен жаратылыстану бағытына кетіп қалған баламын . Маған қазақ тілі және қазақ әдебиеті жайлы пәндер қиын боп көрінеді .  Енді басқа тілде эссе жазу одан сайын қиын болды . Енді бірақ writing қиын болғанымен жақсы тапсырдым деп ойлаймын . Мен негізі writing тан 5.0 5.5 аламын деп ойлағанмын.  Бірақ 6.0 баллды алдым. Екінші қиын ол reading  болды себебі  ол жерде мәтіндер өте күрделі ғылыми стильде жазылған . Оларды анализдеу және түсіну өте қиын себебі ол жерде сенің көру қабілетің емес. Сонымен қатар ойлау қабілетің жақсы дамыған болуы керек . Бірақ listening пен Speaking менің ойымша өте оңай кейбір балалар үшін.   Listening сенің есту қабілетің ести аласың ба ? Сол сияқты.  Ал speaking та ол балаға байланысты бір балалар өзінің ана тілінде еркін  сөйлей алмайтындар бар соларға қиын болуы мүмкін .Аятжан Ахметжан: Енді бұл жерде ағылшын тілін білмейтін ата аналарда отыруы мүмкін . Сондықтан қоса айта кетейін бұл жерде тыңдалым оқылым жазылым айтылым. Енді сіз осының әрқайсысын жеке-жеке талдап беріңізші. Қалай дайындалған дұрыс мысалы тыңдалым нелерді береді не талап етеді ? Оқылымда не береді? Не талап етеді? Жазылымда не талап етеді? Эссе жазуда басты талап не? Айтылымда не талап етіледі?

Жанар Елтай: Ең бірінші тыңдалым . Тыңдалым бойынша  біртіндеп оңайдан қиынға қарай тыңдау яғни аудиоматериалдарды тыңдаймыз.  Тыңдаған кезде яғни белгілі бір тапсырмалар болады.  Ол жерде бастапқылары ол жәй ғана белгілі бір информацияларды жазып алу. Мысалы телефон  номер айтылады, біреудің аты айтылады. Соларды қалай тыңдайсың солай жазуың керек . Екіншісінде үшіншісін де кейінгі секцияларда кішкене қиындай бастайды. Ол кезде мысалы белгілі бір информацияны  мысалы екі ғана  сөзбен жеткізу қажет болады. Мысалы кішкене бірнәрсе айтады да соны екі ғана сөзге сыйдырып  соны қалай атауға болады.  Яғни кішкене логиканы талап етеді ол кезде. Бірақ ол машықтанса сол тесттің нақты дәл  соның форматына машықтанған бала оларды жасай алады.  Сол бастапқысы оңайдан басталады.  Тек қана ақпаратты жазу, кейінгісі сәл де болса ақпаратты  жинастырып кішкене яғни түсінгенін жаза білу ол жерде .Яғни осылайша тыңдалым бойынша бағалайды.

Аятжан Ахметжан: Әр қайсысының бағасы жеке-жеке қойылады иә? Содан соң орташасы шығарылады.

Жанар Елтай: Әр секция бойынша жалпы шектік балл Нашар университетіне 6.0 болатын болса әрбір секциядан қателеспесем 5.5 алу керек . Минимум . Иә мысалы орта балл 6.0 болғанымен бір секциясы мүлдем 4.0 болып қалатын болса онда тапсыруға болмайды. Сондықтан да бүкіл машықты бүкіл қабілетті түрлі түрлі дағдыны бірдей алып жүрген дұрыс.

Аятжан Ахметжан: төрт тұяғын тең басқан болуы керек қой . Келесі?

Жанар Елтай: Оқылым келесісі. Оқылым бойынша жалпы үлкен үш текст беріледі мәтін  . Ең бастапқы жаңағы айтқанымыздай бастапқысы қатты бір қиын емес оңайырақ , кейін деңгейі бойынша қиындық арта бастайды . Әр қайсысынан белгілі бір сұрақтары болады. Ол жәй ғана Диас айтып отырғандай тек қана ол бір көрген ақпаратты ғана жазу ғана емес. Оның өзінің сұрақтары бөлінеді. Мысалы  иә? Дұрыс  Дұрыс емес деген сияқты иә? Жалған немесе шын ақпарат немесе бұл мәтінде берілмеген ақпарат болуы мүмкін . Бір  сұраққа жауап беру үшін ақпарат жеткіліксіз болуы мүмкін. Тағы да сол сияқты әр түрлі сәйкестендіру бар. Әр түрлі мәтіннің бөліктеріне ат қою деген секілді . Ондай да бар. Яғни бірнеше оның тестіне дайындалған бала  тесттің бүкіл машықтарына жаңағы бүкіл форматына үйренеді. Яғни ол үшін тек қана жәй ғана оқуды біле салып немесе ағылшын тілі менікі күшті деп тапсыра салсаң сен әне жерде кідіріп қалуың мүмкін.  Себебі сен дәл сол форматқа кішкене болсын жаттығып алуың керексің. Кішкене болсын сол форматта сен нені талап етеді.  Соған дайындалуың керексің.

Үшінші форматы ол бізде  writing яғни жазылым . Жазылымның өзі екіге бөлінеді . Біріншісі жәй ғана бірінші бөлігі бар онда 150 ғана сөз жазу керек . Ол жерде белгілі бір ақпарат беріледі.  Мысалы бір кесте беріледі бір диаграмма  беріледі белгілі бір ақпарат беріледі . Инфографика иә? Немесе бір суретте берілуі мүмкін тіпті. Соны сипаттап жазуы керек.  Яғни бұл жерден біз нені көріп тұрмыз . Бұл нені сипаттайды  .  Ол мүмкін бір жылғы бір халықтың өсімін сипаттауы мүмкін немесе тағы басқа пайыздарды сипаттауы мүмкін немесе машинаның суретін беріп соның әр түрлі құрылғыларын жазып қоюы мүмкін.  Яғни осындай салыстыру.  Ол жерде есте сақтайтын бір нәрсе ешқашан тапсырып жатқан кандидат өзінің ойын қоспауы қажет.  Мысалы былай  Қазақстанның халық саны мынанша жылдары көбірек өсіпті ал мына жылдары одан екі есе азырақ өскен екен деген сияқты деп айтуға болады.  Бірақ неліктен азырақ өскенін немесе тағы не үшін екендігін өзінің жеке ойын субъективті пікірін мүлдем қоспауы керек . Нені көріп тұр ақпаратты сипаттау қажет болды. Артық қосып жіберуге болмайды.  Ол баллдың төмендеуіне алып келеді. Сондықтан да бізден не сұрап тұр тек қана көрінген ақпараттың презентациясын жасауымыз керек тек қана .Соны көрмей тұрған адам біздің жазған эссемізден соны көріп тұрғандай елестете алуы керек . Ол жерде 150 сөз.

Шынар Ақжанқызы