«Атамекен» ҰКП мен ҚМА бизнесті қорғау шаралары туралы келісімге келді
«Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) басшысы Дмитрий Малаховпен кездесу өткізді. Тараптар Ұлттық палатаның кәсіпкерлер құқығын қорғау бойынша қабылдап жатқан шараларын, сондай-ақ бизнесті негізсіз қылмыстық қудалаудан қорғау мәселелерін талқылады.
Райымбек Баталов ҚМА басшысына адалкәсіпкерлерді қылмыстық қудалау орбитасынатартуға жол бермеу бойынша жүйелі жұмысыүшін алғыс білдірді.
«Атамекен» ҰКП «Бизнесті қорғау» жобасын сәтті жүзеге асыруда. Бастымақсат – кәсіпкерлердің құқықтарыныңбұзылуына жол бермеу жәнеқызметтеріңізге деген сенім деңгейінарттыру. Шағымдарды қарау үшінбірлескен жұмыс тобы құрылып, өңірлік палаталардың алаңдарындакәсіпкерлермен кездесулер өткізіліп, оңпікірлер алынды. Нәтижесіндекәсіпкерлерге қатысты тіркелгеністердің саны 2 есеге азайды. Әрине, бұлкөрсеткіштер бизнес қауымына жағымдыәсер етеді», — деді Райымбек Баталов.
Сондай-ақ, «Атамекен» ҰКП басшысыбірнеше өзекті мәселелерді де қозғады. Атапайтқанда, қылмыстық іс жүргізу шеңберіндемүлікке билік етуге, мәмілелер мен басқа даоперацияларға шектеу қою жайында сөзқозғалды. Осылайша, залалды өтеу үшін жекекәсіпорынның ғана емес, оныңконтрагенттерінің де барлық мүлкі меншоттарына тыйым салынады.
«Бұл компаниялардың жұмысынтоқтатып, жеткізушілерге төлемжасауға, қаржылық және салықтықміндеттемелерді орындауға кедергікелтіреді. Ақшаны тек шығын көлемініңшегінде, яғни бизнес қалыпты жұмысістей беруі үшін ғана тәркілеу керек», — депатап өтті Райымбек Баталов.
Ұлттық палата басшысы бұған дейін ҚР Президентінің тапсырмалары аясында кейбірзаңнамалық актілерге өзгерістер ментолықтырулар енгізілгенін еске салды. «Атамекен» ҰКП бұл үдеріске белсенеқатысып, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауғақатысты бастамаларды көтерді.
Осылайша, Қылмыстық-процестік кодекскеқабылданған түзетулер кәсіпкерліктіқылмыстық процеске тартпай, есептелгенсалықты толық өтегеннен кейін қылмыстық ісқозғауды алып тастайды.
Өз кезегінде «Атамекен» ҰКП Басқарматөрағасының орынбасары Гүлнәр БижановаҚМА-не ұсыныс жасады.
«Біз «естуші мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, келіп түскеншағымдарды бірлесіп қарау тәжірибесінжаңғыртуды ұсынамыз. Сонымен қатар, біздің бастамаларымызды қолдағаны үшінАгенттікке алғыс айтамыз. Мәселен, кәсіпкердің ақшаны үнемдеу нәтижесіндепайда тауып, орындалған жұмыс сапасынатеріс әсер етпеген жағдайда сотқа дейінгіөндіріс басталмайды. ҚылмыстықКодекстің 219, 241, және 246-баптары әкімшілік жауапкершілікке ауыстырылды. Контрабанда және кедендік төлемдер меналымдарды төлеуден жалтару аса ірімөлшерде жасалған жағдайда ғанақылмыстық жауапкершілік болады. Қылмыстық кодекстің 6 тармағыбойынша бас бостандығынан айырудыңорнына қаржылық жазалар кеңейтілуде», — деп мәлімдеді Гүлнәр Бижанова.
Дегенмен, оның айтуынша, ұйымдасқанқылмысқа қатысты ережелерді коммерциялықұйымдарға қолдану үрдісі жалғасуда.
Қазақстан Республикасы Қаржылықмониторинг агенттігінің төрағасы ДмитрийМалахов өз сөзінде жақында Мемлекетбасшысы қол қойған «экономиканыырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа назар аударып, ҚММ өңірлікдепартаменттерінің басшыларынареформаның сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
«Тергеу әрекеттерін жүргізу кезіндекәсіпкерлердің құқықтары менмүдделерінің бұзылуына жол бермеу, шағымдану рәсімі кезінде, сондай-ақесептелген салық сомаларын толықерікті түрде өтеу кезінде мемлекеттікорганның немесе соттың шешімі күшінеенгенге дейін қылмыстық істерді тіркеу»,- деді Д. Малахов
Кездесу соңында «Атамекен» ҰКП мен Қаржылық мониторингі агенттігі арасындаөзара ынтымақтастық туралы келісімге қолқойылды.